Заман талабына сай ұлттық қолөнер туындылары

Malim Админ

  • 17.02.2024

Ата кәсіпті жалғастырушы, әлеуметтік кәсіпкер  Мадина Қуандық қолөнерге 24 жылын  арнаған. Ол қаршадайынан әжесінің қасында жүріп құрақ құраудан бастап, шапан тігуді, киіз басуды жетік меңгеріп алған. 

Мадина Қуандықтың айтуынша, оған шеберлік атасы мен әкесі жағынан дарыса керек-ті. Олар қолы ұсынықты шебер болыпты. «Әдемілеп ат әбзелдерін жасаған. Сонымен қатар,  анамның анасы, анамның өзі, барлығы шебер жандар. Үйде бала кезімнен анамның қолөнер жұмыстарын көріп өстім.  9 сыныпты бітіре сала ойымда басқа мамандық болмады»,-дейді ол.

Этнодизайнердің кәсіби маман ретінде алғаш тіккен киімі -  шапан. Ал тақияны атасына арнап жасаған. Шебер «Менің тақиямды немерем тікті»,-  деп атасының мақтана киіп жүрген кезін есіне алды.

Ұлттықбас киімнің 75-тен астам түрі бар. Әсіресе  киізден илеп жасалғаны денсаулыққа ерекше пайдалы көрінеді.

«Біз мысалы, тек қана матадан жасамай, киізді де қолға алдық. Себебі,  киіздің талшықтары адамның жүйке жүйесін дұрыс қалпына келтіруге әсер етеді. Мысалы, кішкентай баланы да түбіт шәліге орап жатады, тымақтың ішіне салады. Баланы жеті айлығында солай  аман-есен алып қалады. Сондықтан, оның біздің ағзаға берері өте зор», - деп түсіндірді этнодизайнер.

5 мыңға жуық өрнектің бар екенін айтқан Мадина әр оюдың мағынасы әртүрлі дейді. Сондықтан оның мәнін түсіне отырып, пайдалануды құптайды.  Шебердің сөзінше, қазір ұлттық киім тігуді үйренгісі келетін қыз-келіншектер көп. Осыны ескерген ол 4 жылдан бері ерекше жандармен жұмыс істеуді қолға алған.

«Балық бергенше, қармақ беруді» жөн көрген қолөнерші тегін шеберлік сағаттарын өткізу нәтижесінде өнерлі жастарды маңайына жинаған. Мысалы, Ағила Асылбекқызы алғашында қиналғанымен, қазір топпен жұмыс жасауға бейімделіп алған.Тігінші 4 сыныптан бастап кесте тігеді. «Қазақы өрнектер ұнайды. Әпкем де тігінші. Маған әр кезде де қолдау көрсетеді, менің істеген жұмысыма  қуанады», -дейді қолөнерші.

Камила Сәлімжанқызы мүмкіндіктерінің көп екенін, әрі білімін де жетілдіру керектігін айтады.«Өкінішке қарай,  сөйлеу мүмкіндігінен айырылғанмын, дегенмен жұмысыма бұл қиындық келтірмейді.Уақыт өте келе  бұл саланың жаныма жақын екенін түсіне бастадым. Менің бір арманым бар. Тігін саласында жаңа, заманауи өнімдер шығарғым келеді», - деп жоспарын жеткізді ісмер ару. Қазір шеберханада киімдердің көбі таза зығыр, барқыт, пүліш, мақта маталарынан тігіледі.Ал табиғатта бар түстерді қолданып, заманауи сәнді киімдерді шығару үшін мамандарды дайындау әлі де жалғасын таба бермек. Осылайша өз ісін шебер меңгерген талант ата кәсіпті бірте-бірте шетелдерге танымал етуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік