Жаңа талап: Мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілін білу керек

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 02.09.2021

Енді мемлекеттік қызметке тұру үшін қазақ тілін білу – парыз. Мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын шек қойылмақ.

«Мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы қоғамдық қатынастардың трансформациялануымен тығыз байланысты. Қоғамда қазақ-орыс билингвизімінің даму қарқыны мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға әсер етпей қоя алмайды» делінген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

Бүгінгі күні елде қызметтері біздің көпұлтты қоғамымыздың тыныс-тіршілігінің барлық саласын қамтитын 90 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді екен. 

«Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің қандай да бір тілді қолдану белсенділігі көбінесе қызмет саласына және олар жұмыс істейтін аймаққа байланысты. Біздің ойымызша, бұл тілдерді еркін меңгеру жөніндегі талаптарды енгізу кезінде ескерілуі тиіс» делінген құжатта.
Халықтың 8 пайызы осы тілдік кедергілерге байланысты мемлекеттік органдаржың қызметіне риза емес екен. Осыған орай мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін еркін білуі қоғам мен уақыттың қажеттілігінен туындаған талап екенін ескеріп отыр.

«Қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызметшілерге тілдерді еркін меңгеру бойынша талаптарды көздемейтіндіктен, мұндай талаптарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарда қарастыру қажет деп санаймыз.

Бұл ретте, «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес аталған талаптар өз лауазымдарына осы талаптар енгізілгенге дейін орналасқан қызметшілерге қолданылмайтын болады. Яғни, талаптар жұмыс істеп жүрген қызметшілерге емес, тек алғаш қабылданушыларға ғана қолданылатын болады», - делінген.

Осы құжатқа, жаңа талапқа байланысты қоғам белсіндісі Мұхтар Тайжан өз ойын айтты. Оның айтуынша мемлекеттік қызметтегілер мемлекетттік тілді еркін қарым-қатынас жасайтын, арыз-шағымды оқып, жауап қайтара алатын деңгейде білуі керек.

«Кез келген шенеунік халықпен жұмыс істеуі керек. Құжаттармен де жұмыс істейді. Ал өз қызметін дұрыс атқару үшін мемлекеттік тілді білуі керек. Толығымен меңгеру керек. Әсіресе, Үкімет мүшелері. Бізге «сүйікті» одақтасымыздың тәжірибесін үлгі ретінде алу керек. Ресейде аула тазалаушының өзі орыс тілінен емтихан тапсырады. Сондықтан әрине, осындай талапты қолдаймын.

Мен өзімді де мысал ретінде айта аламын. Алматыда өстім. 70-80 жылдары Алматы таза орыс тілді қала еді. Бірақ қажеттілік болғаннан соң, ана тілімді үйрендім. Қазір қоғамдық мәселемен болсын, мемлекеттік қызмет болсын қазақ тілін меңгеру керек. Орыс тілді адамдарға қазақ тілін үйрену ешқандай қиын емес. Тек қана ниет керек. Оры стілділер ағылшын, француз тілін жақсы біледі ғой. Неге қазақ тілін үйреніп алмайды. Не кедергі?», - деді Мұхтар Тайжан.

Естеріңізге сала кетейік, кеше халыққа жолдауында Қасым-Жомар Тоқаев: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді.

Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар.

Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда.

Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді.

Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі.

Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ.

Атазаң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. 

Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Біздің заңнамаға сәйкес, оның қолданылуын шектеуге болмайды» деген болатын.

Байланысты жаналықтар

Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

07.06.2023

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

05.06.2023

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

02.06.2023

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

29.05.2023

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

26.05.2023

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

23.05.2023
MalimBlocks
Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

Абайдың қолжазбалары, домбырасы, тоғызқұмалағы, Құнанбай қажының кісе белбеуіне қауіп төніп тұр

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

Әлде, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып қалудың әрекеті ме?

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

Өзіміздің төл туындылар экспонат деңгейінде қабылданатыны қынжылтады

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

Абай арманын ақиқатқа айналдырам дегеніне «Батыраштар» мұрша бермеді

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

Бұл жөнсіздікке қатысты адам деп Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбайдың аты аталды

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады