Желтоқсан деген – ай емес

  • 15.12.2021

Желтоқсан деген ай емес

Еркіндік дейді
бұл құстың атын
қанаты күйік
қарғам-ау.
Желтоқсан сайын
жаныма менің
қосылар ылғи
бір жамау.

Құдайдың өзі
ұмытқан елміз
қашанғы Тәңір
сақтасын.
Азаттық дейтін
асыл ұғымды
иманға орап
сатқасын.

Садаға деймін
біздің бұл тірлік
итке де қимас
өмірім.
Алаштың басын
көрінен қазып,
бөрідей шулап
кемірдім.

Қуаты қайда
тілімнің құрғыр
туада сені
қарғап ем.
Әлмисағым да
маңдайға басқан
арылмас уы
дуа ма ең?

Еркіндік дейді
бұл құстың атын
азаттық болсын
мысалы.
Иенге қарап
ұлимын неге
тордағы құстай
құсалы.

Желтоқсан сайын
осы бір жүрек
қыстығар неге
тұншығар.
Желтоқсан дейтін
ай емес, мүмкін –
желтоқсан дейтін
құс шығар.

Желтоқсан дейтін
ай емес, мүмкін
бұл айдың аты –
азаттық.
Бәріміз неге
қарқылдап күлдік
қанатын жұлып
мазақ қып.

Желтоқсан дейтін
ай емес, мүмкін
желтоқсан дейтін
құс шығар.
Бұл менің бейуаз
ғұмырым емес,
бейуақта көрген
түс шығар.

Желтоқсан, сірә
ай аты емес –
жазылмас жанның
сырқаты.
Желтоқсан дейтін
құс болса егер
қанаты қайда,
қанаты?!

Еркіндік дейді
бұл құстың атын
қанаты күйік
қарғам-ау.
Желтоқсан сайын
жаныма менің
қосылар ылғи
бір жамау.

Құдайдың өзі
ұмытқан елміз
қашанғы Тәңір
сақтасын.
Азаттық дейтін
асыл ұғымды
иманға орап
сатқасын.

Қап-қара қарға
қып-қызыл қанның
жауғанын үнсіз
көріп пең?
Қып-қызыл қанның
ішінде жүріп
тойлаған елміз
желіккен.

Еркіндік дейді
бұл тойдың атын
езуі қанға
шылқа мас.
Азаттық дейді
бұл тойдың атын
азабы мәңгі
тарқамас.

Желтоқсан дейді
бұл айдың атын
жұмақтан келген
құс емес.
Ғұмырым менің
баяғы ғұмыр
желігіп көрген
түс емес.

Желтоқсан cайын
қар жауған емес,
қан жауған ылғи
оқ жуаған.
Бұл айдың аты –
азаттық емес,
бұл айдың аты –
қорланған.

Желтоқсан деген –
ай емес деймін
бұл айдың аты –
жоқ шығар.
Жанымды менің
кесіп өткенде
алаңда қалған
оқ шығар.

Ұмтыл Зарыққан

ТƏУЕЛСІЗДІК

Желтоқсанда шаһит кешіп өмірден,
Жан ағамның жаназасыз көмілген,
Жан апамның – жатырына тебілген;

Зар заманның алағай да бұлағай,
Запыран ойдың ішіп өткен ұлы Абай,
Зарығымның ең ақырғы дұғадай;

Отарлаудың орыс атын жамылған,
Жоңғар болып жерімізге ағылған,
Шүршіттеніп іргемізден шабынған;

Тірісінде ұлтым көрген тозақтың,
Өзге еш халық естімеген азаптың,
Аштан өлген миллион-миллион қазақтың;

Дəурен сүрген шағымыз боп алас күн,
Келімсекпен туған жерге таластың,
Қыршын кеткен арманының Алаштың;

Дінім көнген қорлықтың,
Ділім көрген қорлықтың,
Тілім төзген зорлықтың;

Тіксіндірген Кремльдей сарайды
Тəшеновтің тағдырының талайлы –
Төлеуі бұл ТƏУЕЛСІЗДІК арайлы!..

Əкелердің ерте ағарған шашының,
Аналардың удай кермек жасының,
Хан Кененің табылмаған басының –
Өтеуі бұл ТƏУЕЛСІЗДІК асылым!

Батырболат Айтболатұлы

Оқи отырыңыз:Айғайлап шақырдық. Жазушылар одағынан ешкім шықпай                қойды

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік