Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Сұлу Бөлек

  • 08.05.2025

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына ауыр жарақат алған малайзиялық науқас түскен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Науқасқа тетраплегия (сал болу) деген диагноз қойылған. Қабылдау бөлмесінен ол дереу жансақтау бөліміне жіберілді, кейін шұғыл операция жасалды.

Оған себеп - ауыр деңгейіндегі омыртқааралық жарықтың жарақаттан кейінгі өзгеруі. 

Марат Алматовтың жетекшілігімен нейрохирургиялық бригада күрделі ота жасады.

Одан кейін алғашқы күні пациенттің сезімталдығы қалпына келе бастады, ал оныншы күні ол жүре бастады.
Осындай жарақаты бар пациенттердің 95 пайызы өмір бойы төсек тартып қалады.

Бұл - шынымен қуанышты жайт және нейрохирургтардың, реаниматологтардың, анестезиологтардың және барлық медицина қызметкерінің жоғары біліктілігінің нәтижесі.
Алматыға сапалатып келген Малайзия азаматы Шымбұлақтағы демалып жүріп, мұзға басымен құлаған.

"Құлағаннан кейін мен қол-аяғымды сезбедім, мүлдем сал болып қалдым. Әйелімді шақыруға ғана мұрсам жетті. Жедел жәрдем шақырдық. Енді жүре алмай қаламын деп ойладым", - дейді зардап шеккен шетелдік.

Оның айтуынша, ол операцияға дейін мүлдем қозғала алмаған. Бірақ операциядан кейінгі бірінші күні ол қолын қимылдатып, кейін қозғала бастаған.

"Дәрігер Марат Алматовқа ерекше алғысымды білдіргім келеді - ол әрбір маманы мұқият, позитив және білікті керемет команда жинады. Менің ойымша, Қазақстандық медицина көптеген елден қарағанда жоғары. Сіздің қолыңыз - алтын. Жаңадан өмір сүруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін рақмет айтамын", - деді Малайзия азаматы.

Сауығып кеткеннен кейін науқас Малайзияға оралды. 

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

05.05.2025

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді

04.05.2025
MalimBlocks
Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

Ақын туған күнін Қазақстанда атап өтті

Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді