Астанада жүкті әйелге ерекше – фетальды хирургия отасы жасалды
Әйел ауруханаға жүктілігі асқынған жағдайда жатқызылған
Елордада алғаш рет жүктіліктің алтыншы айында әйелге бірегей хирургиялық фето-фетальды трансфузиялық синдромын түзету жүргізілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана әкімдігі ресми сайтының жазуынша, фетальды хирургияны Астана қаласы №2 көпсалалы ауруханасының базасында шетелдік мамандарсыз клиника мамандарының өзі жасаған.
Бүгінге дейін мұндай көмекке мұқтаж жүкті әйелдер басқа елдердің мамандандырылған орталықтарына емделуге мәжбүр болып келген еді. Оған көп шығындалып, логистикалық қиындықтар мен тәуекелдерден де өтуге мәжбүр болатын.
41 жастағы жүкті әйел № 2 қалалық көпсалалы аурухананың акушерлік бөліміне жүктіліктің асқынып әрі ұрыққа төнген жоғары қауіппен жатқызылған.
Айта кетейік, фетальды хирургия – ұрықтың даму кезеңінде де ауыр ақауларды диагностикалауға және емдеуге бағытталған медицинаның ерекше бөлімі. Осындай оталардың арқасында баланың денсаулығы мен өмірін сақтап, босанудың асқыну қаупін азайтып, баланың ұзақмерзімді болжамдарын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Фото: Астана қаласы әкімдігі