«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

Сабина Асқарқызы

  • 30.04.2025

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға осы саладағы қордаланып қалған мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін Мәжілісте МӘМС жүйесіне қатысты заң жобасы қаралып жатыр.

Заңның жобасында науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда ғана шұғыл, тез тегін медициналық көмек ала алатыны қарастырылған. Енді сұрақ туындап отыр. Бұл іс жүзінде қалай жүзеге асады? Мысалы, туралап келсе, адам тұмаудан да өліп қалуы мүмкін. Құдай бетін ары қылсын. Бізде Алматыдағы хирургия институтынан бастап президенттің іс басқармасының ауруханасына дейін қайте қойған диагнозды сізге айтып та, шағымдарды беріп те жүрмін. Осындай сәттерде азаматтың өміріне қауіп төнгенін жергілікті атқарушы орган анықтайтын болса, қайтадан теріс диагноз көбейіп кетпей пе? Бұл өте қауіпті, - дейді Ринат Зайыт.

Депутат өңірлерде статистика үшін диагнозды өтрік қоятынын да айтып қалды.

Семейде бір жігіт бар. Бір көзі мүлдем көрмейді. Екінші көзі де көрмей қалуы мүмкін. Ол МӘМС-те де, ешқайда жоқ. Оған не деп айтамыз? Екі көзің көрмей қалады, тастап кет деп айта саламыз ба? Осындай тетіктер неге қарастырылмай жатыр? – деп сұрады депутат министрден.

Фото: Мәжіліс

Байланысты жаналықтар

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

30.04.2025

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

30.04.2025

Депутат Роза Рымбаеваның авторлық құқығы тапталып жатқанын айтты

24.04.2025

Әкім орынбасары, кәсіпкер: шабуылға ұшыраған Берденов туралы не белгілі?

23.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025
MalimBlocks
Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық тегін көмекпен қамтылады

Депутат Роза Рымбаеваның авторлық құқығы тапталып жатқанын айтты

Отандық эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваның гонорары үшін министр болмаса да, мәжілісмендер қам жеп отыр

Әкім орынбасары, кәсіпкер: шабуылға ұшыраған Берденов туралы не белгілі?

Толығырақ Malim.kz материалында. 

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты