Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Сұлу Бөлек

  • 03.05.2025

Депутат Асхат Аймағамбетов 50 жастан асқан әйелдерге остеопорозға скрининг енгізу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

Бұл туралы ол Facebook-парақшасында бөлісті. 

"Остеопороз - тым кеш еске алатын дерт. Күнделікті әңгімеде де бұл тақырып көп қозғалмайды. Бірақ шын мәнінде бұл ауру 50 жастан асқан миллиондаған әйелдің өміріне кері әсер етіп отыр. Остеопороз - жай ғана сүйектің әлсіздігі емес. Ол аяқ-қолдың сынуы, операциялар, ұзақ оңалту кезеңі. Кейде адам тіпті жүріп-тұру мүмкіндігін жоғалтып, өзге біреудің көмегіне тәуелді болып қалады. ДДСҰ деректері бойынша, 50 жастан асқан әрбір үшінші әйелдің сүйегі остеопороз салдарынан сынады", - деді ол. 

The Guardian басылымы Ұлыбританияда әрбір екінші әйел осы дерттің салдарымен бетпе-бет келетінін жазады.

Жапония, Корея, Франция, Швеция секілді елдерде бұл мәселе әлдеқашан ескерілген, яғни остеопорозға скрининг ұлттық денсаулық сақтау бағдарламасына кіргізіп қойған.

"Ал Қазақстанда, өкінішке қарай, бұл тақырып әлі де назардан тыс қалып отыр. Сондықтан біз Денсаулық сақтау министрлігіне арнайы ұсыныс жолдадық: 50 жастан асқан әйелдерге остеопорозға скрининг енгізу керек деп. Бұл жай қағаз жүзіндегі шешім емес. Бұл дегеніміз аналарымыздың, әжелеріміздің, мұғалімдер мен дәрігерлердің - өмірін өзгеге арнаған әйелдердің денсаулығы туралы", - деп жазды ол. 

Депутат бұл скринингті ұлттық серининг тізіміне енгізу үшін жұмыс жүргізіп жатырғанын айтты. Ол Денсаулық сақтау министрлігі бұл ұсынысты қолдайды деп үміттенетінін мәлімдеді.

Фото: ortcom.kz

Байланысты жаналықтар

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

30.04.2025
MalimBlocks
«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

Енді жұмыссыз азаматтар да МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 1 миллионнан астам қазақстандық тегін көмекпен қамтылады