457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мектеп асханасының жаңартылған мәзірінде қандай тамақтар болады?

Денсаулық сақтау министрлігі оқу жылының басынан бастап еліміздің мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізуге дайындығын талқылады. 


Тамақтану стандартына сәйкес тамақтануды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың барлығының нақты функциялары анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті үлгілік мәзірдің 3 нұсқасын әзірлеп, оларды өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына жіберді. 
Жергілікті жерлерде ата-аналардан, балалардан және педагогикалық қоғамдастықтан негізделген тілектер болған жағдайда ұсынылған түрдегі немесе өзгерістер енгізе отырып перспективалық мәзір бекітілуі мүмкін, - деп атап өтті Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Жаңа стандарт семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да созылмалы аурулардың даму қаупін азайту мақсатында қант пен тұзды тұтынуды азайтуды қоса алғанда, оқушылардың диетасын жақсартуға бағытталған.

Дұрыс тамақтану саласындағы сарапшылардың бағалауы бойынша стандарт талаптарын қатаң сақтау балалардың семіздігін 10-15%- эға, 2 типті қант диабетін 10-20%-ға, артериялық гипертензияны 8-18%-ға және басқа созылмалы ауруларды 5-15%-ға төмендетуге ықпал етеді.

Бұл ретте балалардың жаңартылған рационында көкөністерді, жемістерді, тұтас дәнді дақылдарды, ақуыздарды және сүт өнімдерін көбірек қосу көзделеді.

Қазіргі уақытта Қазақ тамақтану академиясының, Ұлттық салауатты тамақтану орталығының, ЮНИСЕФ-тің, ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының және Санэпидбақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының мамандарын тарта отырып, оқыту іс-шаралары белсенді жүргізіліп жатыр.

 Айта кетелік Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігімен, Қазақ тағамтану академиясымен, ЮНИСЕФ және ДДҰ-мен бірлесіп 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік мәзірді әзірлеп, бекіткен еді. 

Фото: ҚР ДСМ