Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді

Сұлу Бөлек

  • 03.04.2025

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Ресейде адамға жұққан кезде жөтелден қан түкіріп, дене қызуы жоғарылайтын белгісіз вирус пайда болғанын жазған еді.

Министрлік Ресей Федерациясының адам құқықтарын қорғау және тұтынушылардың әл-ауқатын қадағалау жөніндегі федералдық қызметінің (Роспотребнадзор) мәліметтеріне сүйене отырып, жаңа вирус тіркелгені туралы ақпараттың жоқ екенін хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне де жаңа вирустардың тіркелуі туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Аталған симптомдары бар (қан түкіру, температураның көтерілуі – еск.) жағдайлар тіркелмеген", – деп жауап берді министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына.

Сонымен қатар, ағымдағы эпидемиялық маусым басталғалы бері елде жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 3,8 миллионнан астам жағдайы тіркелген, өткен эпидемиологиялық маусымның осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 14 пайызға төмендеген.

Коронавирусқа келетін болсақ, эпидемиологтар оны да апта сайын бақылап отырады. Соңғы мониторинг нәтижелеріне сәйкес, "омикрон" нұсқасының келесі қосалқы түрлерінің айналымы анықталған: LF.7.1 – 33,3 пайыз, KS.1.1.2 – 27,8 пайыз, MJ.1.1 – 11,1 пайыз, басқа штамдар – 27,8 пайыз.

Еске салайық, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейде белгісіз вирус пайда болғаны туралы хабар тараған еді. Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, науқастар бастапқыда әлсіздікті сезінеді, бірақ бірнеше күннен кейін жағдайы нашарлап, төсектен тұра алмайды, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, қатты жөтел пайда болады.

Алайда Роспотребнадзор мәлімдеуінше, тұрақты эпидемиологиялық мониторинг пен геномдық қадағалау барысында жаңа вирустар немесе маңызды мутациялары бар вирустар анықталмаған.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025
MalimBlocks
Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?