Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Орнықты даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Орнықты даму мақсаттары жөніндегі (ОДМ) үшінші ерікті ұлттық шолудың тұсаукесері өтті.
БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Стивен О' Малли ұсынылған құжаттың жай ғана есеп емесін, Қазақстанның БҰҰ-ның 2030 күн тәртібіне шынайы берілгендігінің көрінісі мен барлық әлемге еліміздің ілгерілеуі, сабақтары мен амбициялары туралы айту мүмкіндігі екенін атап өтті.
Үйлестіру кеңесін қорытындылай келе, Серік Жұманғарин Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға бағытталғанын, бұл тұтастай алғанда елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Фото: Pixabay.com