Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Malim Админ

  • 15.05.2025

14 мамырда халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесі мәресіне жетті. Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы маңынан басталған жорық бес күн бойы жалғасып, Қонаев қаласында өз мәресіне жетті. Жорық жолы 500 шақырым болып, нағыз төзімділік пен шеберлікті талап етті.
Жеңімпаздар үштігі мынадай болды:
 1. Астана қаласы – 31:19:05
 2. Қырғыз Республикасының І командасы – 32:26:57
 3. Ұлытау облысы – 32:33:00
Ұлытаулықтар – Ұлы рухтың иелері
Ұлытау облысының командасы биылғы жарыста ерекше көзге түсті. Бес күндік жорықта олар даланың қиын жолын бағындырып, табандылық пен төзімділіктің нағыз үлгісін көрсетті. Бұл — тек спорттық жетістік емес, Ұлытаудың тарихи-мәдени рухын қайта жаңғырту, ұрпаққа үлгі ету жолындағы үлкен қадам.
Команданың жетекшісі Темірбеков Дәурен жорықтың ауырлығын былай сипаттады:

«Бұл бес күн аттар үшін де, шабандоздар үшін де оңайға түскен жоқ. Қиыршық тасты жолдармен жүріп өттік, шөл даланы артқа тастадық, құмды дауылға тап болдық. Арасында сіркіреген жауынның астында қалдық. Бірақ соған қарамастан, жігіттер де, тұлпарлар да берілмеді. Бұл – рухтың жеңісі», – дейді ол.

Ұлытау намысын қорғаған шабандоздар:
 • Бектаев Ғалымжан
 • Оразғалиев Жақсылық
 • Абдолұлы Мағжан
 • Мұхамеджан Тұрақ
 • Абенов Медет
Олар табиғаттың тосын мінезі мен жол азабына мойымады. Әр шақырым сайын ерлік пен еңбектің, тәртіп пен төзімділіктің сынынан өтті.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Астанада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

03.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

25.04.2025

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

20.04.2025

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

20.04.2025

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

20.04.2025
MalimBlocks
Астанада өткен қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды