Алдағы күндері күн күрт суытады

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон елден тез шеттейді. Оның орнына батыстан антициклон келеді.
Бұл антициклон алдымен батыс өңірлерде, кейін солтүстік пен шығыста жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болады.
«29–30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында, 30 сәуір – 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында түнгі уақытта термометр бағандары минус көрсеткішке дейін төмендейді», – деп ескертті синоптиктер.
Фото: pixabay.com