Астанада алдағы күндері -32 градус аяз болады
Қазгидромет Астанада 22-24 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
22 қаңтарда Астанада бұлтты күн, арасында қар, боран болады деп күтіліп отыр. Жел солтүстік-батыстан соғады: 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 және одан да аса. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 градус аяз, күндіз одан әрі төмендейді.
23 қаңтарда күндiз -22-27 °C аяз болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ал түнде -25-30 °C аяз күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
24 қаңтарда күндiз -18-23 °C аяз күтіледі. Облыстың солтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ал түнде -30-35 °C аяз болады. Желдің жылдамдығы: 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Еске салайық, Алматыда алдағы екі күнде қар жауып, көктайғақ болады. Сондықтан Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.
Фото: pixabay.com