Ауа райы болжамы: 27 градус аяз, екпіні күшті жел болады

Арман Қайыпхан

  • 04.02.2025

Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 5 ақпанда Астанада және республиканың 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын, ал олтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Мұғалжар ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екіпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан асады. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 27 градус аяз болады. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Жел, найзағай мен бұршақ: Қазақстанның кей өңірінде ескерту жасалды

13.04.2025

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

11.04.2025

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы

10.04.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

10.04.2025

Ауа райына байланысты ел бойынша ескерту жасалды

08.04.2025
MalimBlocks
Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Жел, найзағай мен бұршақ: Қазақстанның кей өңірінде ескерту жасалды

"Қазгидромет" 14 сәуірде еліміздің көп өңірінде дауылды ескерту жариялады

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,

Ауа райына байланысты ел бойынша ескерту жасалды