"Бассыздық". Депутат Шу өзенінің арнасы бұрылып жатқанын мәлімдеді

Арман Қайыпхан

  • 02.04.2025

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Жамбыл облысындағы су мәселесін қозғап, Су ресурстары және ирригация министрі  Нұржан Нұржігітовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанның оңтүстігіндегі су тапшылығы мәселесі күннен-күнге ушығып барады. Соның бірі – Шу өзенінің заңсыз бөгелуі. Бұл өзен өзінің бастауын Қырғызстаннан алып, Қазақстан аумағындағы ауылдарды басып өтіп, Сырдарияға құюы керек. Алайда соңғы жылдары өзен суы межелі жеріне жетпей, Созақ даласы сорға айнала бастады, - деді депутат.

Тұрғындардың айтуынша, Шу өзенін белгілі бір кәсіпкер өз фазендасының қажеттілігі үшін бірнеше жерден бөгеп тастаған. Қолымызға түскен дронмен түсірілген фото және видеоматериалдарда өзеннің бірнеше жерден заңсыз бөгелгені анық көрінеді. Бұл фазендада 12 мың ірі қара мал бар екені айтылады. Алайда, осы заңсыз бөгеттерге қатысты тиісті органдардан ешқандай шара қабылданған жоқ.

Маусым айында Жамбыл облысына барған сапарында бұл мәселе туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа баяндалған. Алайда, жергілікті билік пен салалық министрлік бұл ақпаратты «жалған» деп мәлімдеп, ешқандай шара қолданбаған. Су ресурстары министрі бұл жағдайдан хабарсыз ба, әлде мәселені шешуге құлықсыз ба? Немесе заңсыз бөгеттер орналасқан фазенда министр Нұржан Нұржігітовке тиесілі ме? - деп сұрады ол.

Бүгінде Созақ ауданындағы 8 ауылдың тұрғындары ауызсу мен шаруашылыққа қажетті судан тапшылық көріп отыр. Су жетіспеушілігінің салдарынан 80 мыңға жуық халық экологиялық апаттың алдында тұр. Оған қоса, уран өндірісінен зардап шеккен аймақтағы экологиялық жағдай су тапшылығымен одан әрі ушығып барады.

Бұрын өзен жағалауын қамыс басып, тұрғындар мал азығын өз аумағынан жинай алатын. Ал қазір ауыл шаруашылығы жерлері құрғап, шаруалар Қызылордадан шөп сатып алуға мәжбүр.

Осыдан кейін ол министрлікке бірқатар талап қойды:

  • Шу өзеніндегі заңсыз бөгеттерді тез арада бұзу;
  • Су реттегіш құрылғыларды бақылауға алу;
  • Өзен арнасын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу;
  • Шу өзенін бөгеп тастаған кәсіпкерге қатысты заң аясында шара қолдану;
  • Гидротехникалық құрылыс-жайлардың нақты есебін жүргізу;
  • Министрлік бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме беруі тиіс.

Тұрғындардың айтуынша, егер тез арада шешім қабылданбаса, Созақ ауданындағы халық Астанаға барып, өздерінің наразылықтарын білдіруге мәжбүр болады. Шу өзенімен күнелтіп отырған халықтың үніне құлақ асып, экологиялық апаттың алдын алу – биліктің тікелей міндеті! - деді депутат.

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

15.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025
MalimBlocks
Өзеннен арқанмен өтпек болып, суға құлап кеткен әскери қызметкердің денесі табылды

Таразда депутат соққыға жығылды

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты