Каспий тартылып барады: апат ауқымы айтылды

Саяхатшы-блогер Нұркен Тәжібай Каспий теңізінің бірнеше жыл бойы түсірілген кадрларын жариялады

Сұлу Бөлек

  • 22.03.2025

Саяхатшы-блогер Нұркен Тәжібай Каспий теңізінің бірнеше жыл бойы түсірілген кадрларын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода «Save Caspian Sea», (Каспийді құтқарайық - еск.) деп жазылған. 

Ақтаудағы теңіз портының президенті Абай Түрікпенбаев атап өткендей, былтыр Каспий теңізі 15 сантиметрге тартылды, ал оған дейін үш жыл қатарынан 20-25 см-ге дейін таязданып отырған. Бұрын мұндай ауқымды таяздану еш байқалмаған.

Әсіресе кейінгі жылдары Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі қатты байқалады. Экологтар бұл процестің негізгі себебі климаттың өзгеруі мен адамның қоршаған ортаға тигізетін әсері дейді. Сарапшылар алдағы онжылдықта Каспий теңізі тез таязданып, бұл аймақты экологиялық апатқа әкелетінін айтып дабыл қағып жатыр. 
Nature Communications Earth & Environment журналында жарияланған неміс және голланд ғалымдарының зерттеуіне сәйкес, 2100 жылға қарай Каспий теңізі тағы 9-18 метрге таязданып, экологиялық проблемалар туындайды.

Айта кетейік, процесті тоқтату мәселесі бойынша сарапшылардың пікірлері әртүрлі. Кейбіреулер мәселеге назар аударып, су ресурстарын ұқыпты пайдалану жағдайында мәселені өзгертуге болады деп есептесе, басқалары бұл процестің қайтымсыз екеніне сенімді.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Жамбыл облысының әкімі мен ТЖ министрі Тоқаевқа баяндама жасады

28.03.2025

Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты

23.03.2025

Кіші Арал суы 42%-ға артты

13.01.2025

Каспий итбалықтарының шығыны 1,5 млрд теңгені құрауы мүмкін

24.11.2024

Биыл Каспийге 16,7 км³ су жіберілген

09.11.2024

Каспийде келіншек баласымен бірге суға кете жаздады

13.07.2024
MalimBlocks
Жамбыл облысының әкімі мен ТЖ министрі Тоқаевқа баяндама жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады

Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты

Маңғыстау облысында жауын-шашыннан жиналған судан аулалар мен көшелерді су басты

Кіші Арал суы 42%-ға артты

Теңіз суының тұздылығы 4 есеге жуық төмендеген

Каспий итбалықтарының шығыны 1,5 млрд теңгені құрауы мүмкін

Мамандар шығын көлемін есептеді

Биыл Каспийге 16,7 км³ су жіберілген

Мұндай көлемге көктемгі су мен су дипломатиясының арқасында қол жеткен

Каспийде келіншек баласымен бірге суға кете жаздады

Құтқарушылар оларды жағаға жеткізді