Каспий теңізінің суы қанқызыл түске боялды. Бұл ненің белгісі? (ВИДЕО)

Тұрғындар алаңдап отыр

Malim Админ

  • 13.02.2025

Ерекше құбылыс 1 шағын аудандағы теңіздің жағалауында тіркелді. Әдеттегіден өзгеше жағдайға тұрғындар алаңдаушылық танытып, экологтарға хабар берген.

Алайда Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, алаңдауға негіз жоқ, бұл табиғи құбылыс.    

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары жыл сайын болатын, Каспий теңізінің қызыл түске боялу құбылысына байланысты биылғы 12 ақпан күні теңіз суынан сынама алды. Оның аясында теңіз суының құрамына химиялық және мұнай өнімдерінің бар немесе жоқ екендігіне талдау жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі қосымша жарияланады, - делінген хабарламада.

Ақтаулық эколог Кирилл Осиннің айтуынша, бұл құбылыс жылда қыс мезгілінде қайталанады. Себебі, осы кезде балдырлар көбейіп, гүлдейді.

Әсіресе, қар жауса қызыл түс қорқынышты болып көрінеді. Бұл негізі қоңыр балдырлар, - дейді эколог.

Мамандар «Достар», «Нұр-Плаза» жағажайлары мен яхта клубының аумағынан сынамалар алған.

Фото: Маңғыстау облысы Экология департаменті

 

Байланысты жаналықтар

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

14.04.2025

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

11.04.2025
MalimBlocks
Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

Malim.kz редакциясы эколог мамандардың пікірін білді

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады