Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киік ұшалары бейнеленген жазба тарап жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді,

Сұлу Бөлек

  • 28.03.2025

Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киік ұшалары бейнеленген жазба тарап жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

Мұндай жағдай бірқатар аймақта да тіркелген. Көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында табылды.

Киіктің биологиясын ескерсек, бұл табиғи жағдаймен байланысты. Айта кетейік, өңірлерде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бекітілген алгоритмдері бар, жұмыс жедел штабтар арқылы жүзеге асырылады.

Алгоритм аясында ұшалар ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылады. Мұны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері әкімдіктермен, ветеринариялық қызметпен, полиция және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізеді. 

Бұл жұмыстарға барлығы 150-ден аса адам, 51 бірлік техника жұмылдырылды.

Биыл басынан бастап 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды. 

"Қалыпты жағдайда киіктердің жыл сайынғы табиғи өлімі жалпы санның шамамен 20 пайыз, ал аталықтарының 50 пайызы өлуі мүмкін. Киік - өмір сүру уақыты қысқа, көбейуі жылдам дала жануары. Қақаған суықта киік саны 40-50 пайызға дейін азаюы мүмкін, әсіресе қыстың  алдында көктем мен жазда құрғақшылық болса. Қыста қардың қалың түсуіне байланысты, азық қорының азаюны байланысты жануарлар денесіндегі май қорын жоғалтады. Қазақстанның шөлді мен жартылай шөлді аумақтарында мұндай табиғи құбылыстар жиі байқалады, сәйкесінше бұл кейбір әлсіреген киіктердің өліміне әкеледі", - деді Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі А.Грачев. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда киіктердің жалпы саны - 4,1 миллион бас, ҚазКСР кезеңіндегі ең көп саны 1,2 миллион бас болды.

Фото: khabar.kz

Байланысты жаналықтар

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

15.05.2025

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Қазақстан мен Ресей киіктерге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

01.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025
MalimBlocks
Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Қазақстан мен Ресей киіктерге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Қарқаралы орманында алапат өрт болды