Маңғыстаудағы итбалықтың қырылу себебі анықталды

Арман Қайыпхан

  • 07.11.2024

Маңғыстау облысында итбалықтың қырылуына қатысты жүргізілген зерттеудің алдын ала қорытындысы жарияланды. Гидробиология және экология институтының мамандары бұл жағдайға эпидемия себеп болмағанына сенімді, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Экологтардың сөзінше, су жануарлары ауру жұқтырған жағдайда олар жаппай бір жерде өлуге тиіс еді. Алайда өлекселер әр жерден табылған. Сондай-ақ қырылған аналық итбалықтардың жартысынан көбі буаз екен. Бұл олардың тіршілікке бейім болғанын көрсетеді.

Айта кетейік, Каспий жағалауынан қазанның 27-сі мен 30-ы аралығында 300-ден аса итбалық өлексесі табылған. Ал осы аптаның басында тағы 121 өлексе табылды. Қырылған су жануарларын зерттеумен айналысқан Әсел Баймұқанованың айтуынша, итбалықтар күзде көбеюі үшін Солтүстік Каспийге қарай ауысады. Олар теңіздің осы бөлігіне шоғырлану кезінде өлген болса керек.

"Алаңдататыны, зерттелген аналықтардың жартысынан көбі буаз болып шықты. Сондай-ақ семіз итбалықтар екені көрініп тұр. Олардың өлімі табиғи емес, кенеттен болғандай. Өлімнің себебі әртүрлі болуы мүмкін: табиғи (жер сілкінісі, табиғи газ шығуы), техногенді (теңіз аймақтарының ластануы), аурулар (эпидемиялар). Егер эпидемия болса, итбалықтар жаппай бір жерде қырылатын еді", - деді Гидробиология және экология институтының экологы Әсел Баймұқанова.

Фото: Маңғыстау облысы балық шаруашылығы инспекциясы

Байланысты жаналықтар

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

15.04.2025

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

15.04.2025

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

14.04.2025

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

11.04.2025
MalimBlocks
Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Жаз құрғақ, өрт қаупі жоғары болады - ТЖМ

ТЖМ: жаз құрғақ болады деп күтілуде Төтенше жағдайлар министрлігі биыл жазда құрғақшылық болатынын болжады

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Бозжырада визит-орталық салынады: экологтар не дейді?

Malim.kz редакциясы эколог мамандардың пікірін білді

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады