Найзағай, жаңбыр, үсік: 27 мамырда ауа райы қандай болады

27 мамырда Астанада, Шымкентте және тағы 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 28-31 мамырда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте кей уакқыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Фото: pixabay