457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда 46 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде қатты аптап ыстық болады деп болжануда. Сонымен қатар, республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты елдің басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

17 шілдеде батыста, 18 шілдеде солтүстік-батыста, 18-19 шілдеде солтүстікте, 19 шілдеде еліміздің орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Республиканың көптеген аймақтарында жел күшейеді.

Алдағы күндері батыс пен оңтүстік-батыста 41-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 42-43 градусқа дейін қатты ыстық болады.

17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде орталық өңірлерде 40 градусқа дейін, ал 18-19 шілдеде оңтүстікте 45-46 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Аптаның соңында солтүстік өңірлерде түнгі температура 8-18 градусқа дейін, күндіз 17-25 градусқа дейін төмендейді.

Фото: pixabay