Синоптиктер 12 маусымда ауа райы күрт бұзылатынын ескертті

Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 12 маусымда ауа райының күрт бұзылады деп күтіледі: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Ал кейбір аймақтарда аптап ыстық болатыны болжанады, деп хабарлайды Malim.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің шығысында ғана антициклон әсерінен сақталады.
"Республикамыздың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ түседі. Республикамыз бойынша желдің күшейетіні күтіледі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында, БҚО-да, Атырау облысында +35...+38°С қатты ыстық болады деп күтіледі", деп болжанады.
Сондай-ақ, мына өңірлерде өрт қаупі жоғары болады: Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде;
Төтенше өрт қаупі жоғары – Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында.
Фото: pixabay.com

Ең көп оқылған
