457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тұман, бұршақ және найзағай: Ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 маусымда Алматыда және 11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысыңың солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Маңғыстау облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с. 

Фото: pixabay