Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Олжас Қасым

  • 15.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы антирекордтық деңгейге жетті. 2025 жылдың 9 сәуірінде Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет барреліне 61 доллардан төмендеді. «Қара алтын» құны құлдыраса әлем елдерінің, оның ішінде мұнайға тәуелді Қазақстанның экономикасы қандай күй кешуі мүмкін?  Malim.kz экономист, саясаттанушы мамандармен осы мәселе бойынша пікірлесіп, болжамын білген еді.  


Мұнай құны 40 долларға дейін құлдырайды  

 

Экономист Жангелді Шымшықовтың айтуынша, мұнай бағасының төмендеуі Трамптың Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату туралы шешімінен кейін шыққан. Осылайша АҚШ күні «қара алтынға» қарап отырған мемлекеттерді бір тарының қауызына сыйдырмақ.  Ең бағалы ресурстың құны әлі де арзандайтын күн алыс емес дейді ол.     

«Трамп биікке келгенде Ресей – Украина соғысын тез арада тоқтататынын мәлімдеген еді. Ал мұнай бағасын төмендету себебі – Ресейдің бюджеті мұнайға негізделген. Сондықтан, мұнай бағасын барреліне 40  долларға дейін төмендетемін деді. Трамптың мақсаты сондай. 61  доллар деген құлдыратудың басы ғана.  Кейбір сарапшылар Америка «қара алтын» құнын олайша төмендетуге әлеуеті жетпейді деп айтып жатыр. Себебі, өздерінің мұнайды сатудың ең төменгі құны 50 доллар дейді. Олардың есептеулері 5 жыл бұрынғы өлшем. АҚШ мұнай қорларын консервацияға қойып, сақтап қойған.  Трамп енді сол жергілікті мұнай қорларын жиып, оған канада мен сауд Арабиясын қоспақ. Бірігеді бәр. Сол кезде алдымен Ресейдің бюджеті құлдырайды. Сонымен қатар Қазақстан да қатты зардап шегеді», -дейді экономист маман.  

Сарапшының пікіріне сүйенсек,  біздің бюджеттің 70 пайызы мұнайдан түсетіні белгілі. Үкімет алдағы үш жылға жоспар қабылдағанда мұнай бағасын 75 доллардан бағалаған. Енді «қара алтын» құны 40 долларға дейін барса біздің бюджеттің үштен екісі жойылады. Нағыз күйзеліс алда.  

«Сол кезде зейнеткерлерге, студенттерге, мемлекеттік қызметкерлерге төлейтін ақша қалмайды. Сондықтан экономиканы мұнайға қаратып қоймай, әртараптандыру керектігін он жылдан бері айтып келемін», - деп түйді қаржы сарапшысы.

Теңге бағамы 550-600-ге дейін баруы мүмкін     

Мұнай бағасының құлауын саясаттанушы Ғазиз Әбішев АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысымен байланыстырады.  Соның салдарынан мұнайға сұраныс азайып, баға төмендеді. Мұның басқа да себептері бар.  

«Екінші себеп – ОПЕК+ елдерінің, соның ішінде Қазақстанның да, мұнай өндіру квоталарын бұзуы. Сауд Арабиясы тәртіп орнатуға тырысуда. Сонымен қатар, Иран келіссөздерден кейін нарыққа көп мұнай шығаруы мүмкін. Үшінші себеп – Қытай экономикасындағы ішкі мәселелер, АҚШ-тағы мұнай өндірісінің өсуі және баламалы энергия көздерінің дамуы. Мұның бәрі мұнайға қысым түсіруде».

Әбішевтің пайымдауынша,  Қазақстан үшін бұл қауіпті. Бюджет 75 $ мұнай бағасына құрылған, ал қазір баға 60$ шамасында. Егер жағдай өзгермесе, теңге бағамы 550-600-ге дейін баруы мүмкін. Біз әлі де мұнайды өзіміз өңдемейміз, экономикамыз шикізатқа тәуелді. 

Олигархтардың шығындарын азайту керек  

Экономист Сапарбай Жобаев та  АҚШ президенті Трамптың әлемдік тарифтерді, кеден салығы мен баж төлемдерін көтеріп жіберуі қысқа мерзімдік дағдарысқа алып келгенін айтады.  Бұл ең бірінші Қазақстан сияқты дамушы, шикізатқа түсетін табысқа байланып қалған мемлекеттерге ауыр әсер етеді.

«Мұнайдың бағасы түскендіктен еліміздің бюджетіне, Ұлттық қорға түсетін қаржы азаяды. Ал бұлар инфрақұрылымдық инвестицияларды, әлеуметтік төлемдерді төлеуде қиындық туғызады. Сондықтан,салық мөлшерлемесін көбейту, биліктегі олигархтардың шығындарын азайту ісі өте өзекті болып тұр. Жеке және корпоративтік табыс салығын көтеру туралы 5-6 жылдан бері айтылып келе жатыр. Мұны биліктің оншалықты орындағысы жоқ. Қосымша құн салығын көбейту мәселесі талқылануда. Керексіз шығындарды азайтумен бюджет табысын арттыруға тиіспіз.
Дамушы мемлекет есепті бізде қымбатшылық 8-10 пайыз мөлшерінде болып жатыр. Корпоративтік, қосылған құн салықтары инфляцияға онша әсер етпейлі. Олардан түсер табыс 3-4-ақ пайыз».

Сондықтан, экономист Қазақстанның жанар-жағармай, тарифтерді, салықтардың құнын көтеру керектігін құптайды. Бюджеттен кедей азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге болады. Өйткені, жәрдемге мұқтаж халық 2 млн шамасында. 

Иә, сарапшылардың пікірінен түйгеніміз Қазақстан тез арада экономиканы әртараптандыруға күш салуы керек. Бұл — ел болашағы үшін ең маңызды мәселе. Әйтпеген жағдайда ел экономикасы мешеу халге түсе береді. 

Фото: pixabay.com

 

 

Байланысты жаналықтар

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

14.04.2025
MalimBlocks
Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Трамп Украинадағы соғыстың басталуына үш адамды кінәлады

Ол бұған Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский кінәлі деп айыптады

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

«Мен мінген тікұшақтың бірі құлады»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі апаттан соң пікір білдірді

Ол тыңдарманына алғысын жеткізді.