Тиктокты әзір жаппайтын болды

IMAGE: ©venicemusic.co (Creative Commons лицензиясымен)
DW - Неміс толқыны хабарлайды. АҚШ президенті Дональд Трамп бұрын Тиктоктың ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретінін айтқан болатын.
Оның ойынша, Қытай билігі азаматтардың мәліметтерін түрлі пиғылда пайдалануы мүмкін.
Енді, Трамп жаңа шешім ұсынып отыр. Тиктоктың иесі - Қытайдың ByteDance компаниясының АҚШ жеріндегі активтері жергілікті компанияларға сату ұсынылды. Егер оны АҚШ аумағындағы компания сатып алса, Тикток ел аумағында бұғалттамай, ашық күйде қала береді.
Былтыр сәуір айында АҚШ Өкілдер палатасы мен Сенаты, Тиктокты Қытайдың ықпал аумағынан тыс жерге беруді міндеттеген болатын. Ол шарт орындалмаған жағдайда Тиктоктың АҚШ аумағында бұғатталатыны айтылған еді. Енді, Трамп сол шешімді тағы 45 күн кейінге қалдырып отыр.