Алматы әкімі Бодрум мэрімен кездесті
Екі елдің әкімі сауда-экономикалық байланысты арттыруға және туризм бойынша әріптестікті дамытуға уағдаласты.

Алматы сияқты үлкен мегаполистің, Қазақстандағы республикалық маңызы бар қалалардың көшін бастап тұрған алып қаланың экономикасы елдің экономикасына да зор ықпал етеді. Сондықтан бұл қаланың өзге әлеммен қарым-қатынасы көп жағдайда тікелей жүреді. Тіпті, Алматы қаласының әкімі өзге мемлекеттің мемлекеттік лауазымды тұлғаларымен тікелей байланыс жасап жатады. Бұның өзі қаланы жан жақты дамытудың басты шарттарының бірі. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы қолға алынғалы бері, Алматы қаласының да шет мемлекеттермен қарым-қатынасы жаңа деігейге көтерілді деуге болады.
Алматының экономикалық әлеуетін арттыру, туризм саласын жандандыра түсу мақсатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бодрум мэрі Ахмет Араспен кездесу өткізді. Түркияның бұл қаласының экономикасында туризм мен өнлірістің алар орны ерекше екенін ескерсек, бұл тараптағы ынтымақтастық, әріптестіктің Алматыға берері аз болмайтыны айтпаса да түсінікті. Екі мемлекеттегі екі алып қала мэрлерінің кездесуі кезінде де негізінен осы мәселег нащар аударылды. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ туризм саласындағы әріптестік мәселелері сөз болған кездесуде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы екі ел арасындағы байланыстың өсе түскені айтылды. Екі әкім ұсынған мәліметке қарағанда, Алматы мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,5%-ға ұлғайған. Былтыр тауар айналымы 294 миллион доллар болса, биыл 380 миллион доллардан асып жығылған. Бұл көрсеткіштердің ішіндегі Алматы қаласының үлесі 50 пайыздан асатынын ерекше айта кету керек. Себебі,
Қазақстандағы түрік капиталының қатысуымен жұмыс істейтін компаниялардың жартысынан көбі Алматыда орналасқан екен.
Қазіргі уақытта оңтүстік астанада «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» бағдарламалық жоспары бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Бұл бағдарламада туристік саланы дамытуға көп көңіл бөлінетіні айтылып жүр. Кездесу кезінде осы бағдарламаға ерекше мән беріліп, Бодрумның тәжірибесін Алматыға да пайдаланып көру мүмкіндігі сөз болды. Әрине, танымал туристік орталық ретінде қалыптасып үлгерген Түркияның оңтүстік-батысында орналасқан қаланың басшысы бұл жағынан бауырлас елге әріптес болуға дайын екенін айтты. Иә, туристік қала ретінде әлемге танымал Бодрумның көпжылдық әжірибесі Алматы үшін пайдалы болуы әбден мүмкін. Бұл жағынан, ашық саясат ұстанып отырған Қазақстан барлық ұсыныстар мен жаңалықтарды қабылдауға қашан да дайын.
Екі жақты келісімдерге қол жеткізген қос тарап перспективалы бағыттар екі қала арасындағы байланыстарды ары қарай дамыта түсуге уағдаласып, тарасты