Алтын мен күмістің бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

Жаһандық бағалы металдар нарығында бағалар сенімді өсім көрсетіп отыр. Бұл қазіргі экономикалық үрдістер мен инвестициялық күтуді айқын көрсетеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі мен сауда деректеріне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Comex биржасында 2025 жылдың желтоқсан айына жеткізілетін алтын фьючерстері троя унциясы үшін 4 182 доллар болып, барлық уақыттағы ең жоғары деңгейге жетті.
Күміс бағасы да өсіп, бір троя унциясы үшін 52 доллардан асып отыр.
Өткен аптада биржада алтынның трой унциясы 4051,80 доллар болды. Сарапшылар бұл қарқынды өсім инвесторлардың инфляция мен қарыздың өсуіне алаңдап, бағалы металға қаражат құюымен, ал орталық банктер активтерді әртараптандыру үшін сатып алуымен түсіндірді.
Өткен аптада Comex тауар биржасында алтын фьючерстерінің бағасы бір унция үшін 4050 доллардан асты.
Сарапшылардың түсіндіруінше, мұндай қарқынды өсімге инвесторлардың инфляция мен қарыз деңгейінің өсуіне алаңдаушылық білдіріп, бағалы металға ақша салып жатқаны, ал орталық банктер активтерді әртараптандыру үшін сатып алуы себеп болып отыр.
Фото: Pexels