Ауыл шаруашылығы: Фермерлер Үкіметке ұсыныс айтты

Malim Админ

  • 24.09.2024

Үкімет алдындағы ауқымды шаруа -  импортқа иек артпай, Қазақстанның  өзін-өзі азық-түлікпен қамтуы. Бұл ретте тиісті  шаралар  қабылданып келеді. Ол үшін  кәсіп адалынан және  ашықтық принципімен жұмыс істеуге тиіс.    
Үкімет басшысы жуырда  еліміздегі ауыл шаруашылығы саласындағы ірі фермерлермен кездесу жасады. Кәсіпкерлер осы жиында  бірқатар ұсыныс айтып, мәселелерін ашық жеткізді.


Фермерлік қоғамдастық атынан сөйлеген АӨК дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Геннадий Зенченко осы жылы агроөнеркәсіп саласын қаржыландыруды көбейту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.

«Жеңілдікпен берілетін кредит жеткілікті қаражат есебінде емес, қажетінше жұмыс істеуге ыңғайлы. Сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар уақытында сатып алынды. Агротехнологияларды оңынан қолданып жоғары сапалы өнім аламыз. Әсіресе,  мал шаруашылығы еселі еңбекті қажет ететін үрдіс, себебі бұл бағытта шаруалар жыл-он екі ай тер төгеді. Жалпы шаруашылықтар көп салалы болуы қажет, тек өсімдік шаруашылығымен айналыспай, сонымен бірге мал басын молайту өзекті.  Сонда бізге экспортқа квота қажет емес, емін-еркін сауда жасаймыз, нарықты жаулап аламыз. Біз осы жұмысқа түгелдей қатысуға тиіспіз, бәріңізді жұмылуға шақырамын», - деп пікірін білдірді шаруашылық басшысы.    

Сонымен бірге кәсіпкер тұқым шаруашылығы және ветеринария саласындағы отандық ғылымды дамыту мәселелерін көтеріп, сала үшін кәсіби кадрларды даярлаудың маңыздылығын жеткізді.
Қызылорда облысының «Таң ЛТД» ЖШС директоры Имамзада Шағыртаев көрші елдермен қол жеткізілген үкіметаралық уағдаластықтардың нәтижесінде өңірдің шаруалары биыл егіндік сумен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Биыл компания 2 мың гектардан астам алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, оның 1,5 мың гектарына жуығы күрішке бөлінген. Күріш алқаптарына лазерлік орналастыру жүргізілді, бұл суармалы суды 30%-ға үнемдеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда өнімнің 50%-дан астамы жиналды. Кәсіпкер су үнемдеу технологияларын енгізу үшін фермерлерді қолдаудың қосымша шараларын пысықтау мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жасады.


Сондай-ақ Жетісу облысының фермері Александр Хильниченко мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне екпін түсірді.  "облыстағы қант саласы биыл нәтижелі.  Қант қызылшасы алқабы өткен жылы 7 мың гектардан 2024 жылы 13,7 мың гектарға дейін екі есе өсті; соңғы онжылдықта 600 мың тонна рекордтық өнім алынды. Мұның барлығы агротехнологияларды сақтаудың нәтижелері: біз сапалы тұқымдармен жұмыс жасадық, тыңайтқыштарды қолдандық, уақытында өңдеулер жүргіздік, соның арқасында жоғары өнімділік қамтамасыз етілді. Қант қызылшасын өндірушілер өнімділікті одан әрі арттыруға дайын. 2024 жылы қанттың жеке өндірісі 2 есе өсіп, еліміздің қажеттілігінің 22%-на жетеді. Қант қызылшасын өндіруге басымдық беріп, субсидиялаудың мөлшерін өңдеуге тапсырылған бір тонна үшін 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайту маңызды қадам болғанын атап өткім келеді».


Ауыл шаруашылығына жауапты ведомство деректеріне сәйкес, биыл агротехнологияларды қолдану бойынша қабылданған шаралардың және Жамбыл облысы мен Жетісу облысының диқандары жүргізген әртараптандыру жұмысының қорытындысына сайкес, қант қызылшасынан мол өнім алу жоспарланып отыр. Қант қызылшасын өткізуге қатысты Жамбыл облысынан 450 мың тонна Меркі қант зауытында өңделеді, қалған 100-150 мың тонна Жетісу облысындағы Ақсу қант заводына жіберіледі. Өз кезегінде, өнімді қайта өңдеу 120 мың тонна қант өндіруге жол ашады.  Бұл дегеніміз еліміздің құмшекермен өзін-өзі толық қамтиды. 
Айталық,  Батыс Қазақстан облысының 60-тан астам іргелі шаруашылықтарын біріктіретін фермерлік Агроорталық  төрағасы Армат Бисенов еліміздің жас фермерлерінің атынан сөз сөйледі. Ол «КеңДала-2» бағдарламасын енгізудің өзектілігіне тоқталды. Бұл тауар өндірушілерді жеңілдігі бар несиелендірумен қамтуды еселеп арттыруға және агротехнологияны нәтижелі іске асыруға серпін берді. 


Бірқатар аймақтың шаруалары бейнеконференция режимінде ұсыныс-тілектерін айтты. Шығыс Қазақстан облысының майлы дақылдарды өңдейтін кәсіпорнының басшысы Фарит Әбітаев, жетісулық ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің директоры Жанат Исағұлов,  Батыс Қазақстан фермері Валерий Голоухов минералға бай тыңайтқыштарды қолдану, ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнын белгілеу, сонымен бірге  тауарлы-сүт фермаларын құру бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несие беру мәселесін көтерді.

Тағы бір шешімін табатын жағдай -  өнімді қайта өңдеу және экспорттау.  Ауыл шаруашылығы министрлігі статистикасына сенсек,  биылғы жиналған астық аз  дегенде 20 миллион  тоннаға жетуге тиіс. Атап айтсақ, Орта Азия, Қытай, Ауғанстан және Иран, ЕО елдері, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азияға астығымызды экспорттау жайы қаралады.   Жауапты міндет Сауда және интеграция министрлігі мен «Атамекен» палатасына жүктеліп отыр.    

Фото: primeminister.kz   

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

21.02.2025

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

21.02.2025

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

21.02.2025

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

21.02.2025

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

21.02.2025

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты

21.02.2025
MalimBlocks
Қазақстанда ақша айырбастау ережелері өзгерді

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды: Президент Әлихан Смайыловты қабылдады

Үкімет өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарады?

Кеңеске еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері қатысты

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

«Алматы көшбасында». Қазақстан азаматтары айыппұл төлеуден рекорд жаңартты