Биыл пайдаланылмай жатқан 2 млн га жер мемлекетке қайтарылады

Сондай-ақ, топырақ құнарлылығын арттыру жол картасын іске асыру жалғасады

Мәди Саматұлы

  • 09.01.2025

Жер ресурстарын басқару комитеті 2025 жылы 2 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, сондай-ақ, басқа да негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жандандырылады.

Мәселен, мемлекет басшысының Бакудегі Климаттық саммитте айтқан бастамаларын жүзеге асыру бойынша көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітіледі. Бұл климаттың өзгеруімен күресудегі және топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызды қадам.

2024-2030 жылдарға арналған топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі жол картасын іске асыру жалғастырылады. Құжат 2024 жылы бекітілді. Биыл жердің тозуына қарсы күреске баса назар аудара отырып, Жол картасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарларын бекітуге ерекше назар аударылады, деп хабарлады ЖРБК төрағасы Мұрат Теміржанов.

Сондай-ақ Комитет заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдамақ. Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп парламентте қаралып жатқан «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын одан әрі ілгерілету жөнінде шаралар қабылданады. Бұл топырақты қорғау, олардың сапасы мен құнарлы қабатын сақтау мәселелерін реттеудегі негізгі құжат болады.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

02.04.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Орнықты даму жолындағы оң өзгерістер 

18.03.2025

"Тозақ қақпасы", "Шайтан көпірі". Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

07.03.2025

Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

25.02.2025

Елімізде 30 млн га жер эрозияға ұшыраған – Ауыл шаруашылығы министрлігі

27.01.2025
MalimBlocks
Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

Енді мектептерде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін. Бұл мәселені депутаты Қарақат Әбден көтерді

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Орнықты даму жолындағы оң өзгерістер 

Соңғы алты жылда сыртқы сауда айналымы бір жарым есеге, 94,8 миллиард доллардан 141,4 миллиард долларға дейін өскен

"Тозақ қақпасы", "Шайтан көпірі". Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Елімізде 30 млн га жер эрозияға ұшыраған – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Мемлекетке 3 жылда 12,1 млн гектар жер қайтарылған