Жазушы Мұхтар Мағауиннің топырағы туған жері Шұбартауға жеткізілді. Оның ұлы Едіге Мағауин Америкадағы зиратынан алынған топырақты ата-бабалары жерленген Көпбейіт қорымына апарып қойды.
Баршатас ауылында қаламгердің рухына арнап жылдық ас беріліп, оған зиялы қауым өкілдері мен туыстары қатысты.
Мұхтар Мағауиннің барлық қолжазбалары мен мұрасы АҚШ-тағы отбасылық үйінде сақталып отыр. Алдағы уақытта сол үйді мұражайға айналдыру жоспарланған.
Фото: magauin.com