457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 – 509 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 24 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 502,47 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,68 теңге. Еуро — 525,83.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 504 теңге. Еуро 526— 532 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509,5 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,52 - 5,71 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 21 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,28 теңгеге қымбаттап, 503,22 теңге болған.

Фото:  Жансерік Күзембай / Malim.kz