457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 – 530 теңгеден саудаланып жатыр,- деп жазады Malim.kz.


Ұлттық банктің 22 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 527,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 546,15.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527 теңге. Еуро 541 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 530 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 549 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 21 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,87 теңгеге төмендеп, 527,07 теңге болған.

Фото: Жансерік Күзембай