457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Доллардың бүгінгі бағасы белгілі болды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 – 506 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,76 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,63 теңге. Еуро — 521,70.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 504,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501 теңге. Еуро 522— 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506,5 теңге, сатып алу құны — 500,5 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,53 - 5,67 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 20 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,45 теңгеге төмендеп, 499,94 теңге болған.

Фото: Жансерік Күзембай