Елімізде картоп бағасы күрт қымбаттады

Өнімді экспорттауға шектеу енгізілді

Malim Админ

  • 19.01.2025

Көрші елдерден, әсіресе Өзбекстаннан сұраныстың артуы және бағаның жоғары болуына байланысты биыл елімізде картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті, деп хабарлайды Malim.kz.


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мәлімдеуінше, көрші елдерден келетін шұғыл сұраныс ішкі нарыққа өз әсерін тигізіп отыр.

Осылайша, соңғы аптада экспортқа бағытталған тауар өндірушілер арасында бағаның 170 теңгеден 270 теңгеге дейін күрт өсуі тіркелді.

Осыған байланысты ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен сауда қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге экспорттауды алты айға дейінгі мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды» деп жазылған хабарламада.

Бұл шара ЕАЭО елдеріне қолданылмайды, алайда бұл бағыттағы экспорт қадағаланатын болады, деп атап өтті үкімет.

Сонымен бірге, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, 16 қаңтардан бастап экспортқа фитосанитарлық сертификат беру толығымен тоқтатылды.

Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарық субъектілерінің алыпсатарлық әрекеттеріне жол бермеуге бағытталған, деп атап өтті Үкімет.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда қолда бар резервтер 2025 жылдың ерте егін жинау науқанына дейін ішкі қажеттіліктерді толығымен жабуға жеткілікті.

19 қаңтардағы жағдай бойынша қор көлемі сауда желілеріндегі қорларды есепке алмағанда 850 мың тоннадан асты (картоп өсірушілер бірлестігінде 600 мың тонна, тұрақтандыру қорларында 68 мың тонна, жеке шаруашылықтардағы жертөлелер мен шағын шаруа қожалықтарында 200 мың тоннадан астам картоп бар).

2024 жылы картоптың жалпы түсімі 2,9 млн тонна болды (оның ішінде ерте өнім – 300 мың тонна).

2024 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында 844 мың тонна картоп тұтынылды. 2025 жылға (қаңтар-сәуір) болжамды тұтыну көлемі 675 мың тонна.

Фото: eldala.kz

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады