Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Қазақстан рейтингін сыртқы буферлер ұстап отыр

Мәди Саматұлы

  • 16.11.2024

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты», деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарында – рейтингі ұқсас елдер арасындағы орташа көрсеткіштен едәуір асатын және елдің қаржылық икемділігін қамтамасыз ететін қуатты сыртқы буферлер қалып отыр.

Ұлттық қордың валюталық активтері мен ресми алтын-валюта резервтері ЖІӨ-нің 38% баламасына жетті, бұған инвестициялардың 8,4% деңгейіндегі кірістілігі және алтын бағасының өсуі ықпал етті, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Сарапшылар мұнай саласына тәуелділікті біртіндеп азайтуға ықпал ететін көлік және жаңартылатын энергия сынды секторларды дамыту бойынша жасалып жатқан қадамдарын айтқан.

Бұған қоса, Агенттік кеңауқымды қайталама санкциялар салудың салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өткен.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады