Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

Сабина Асқарқызы

  • 23.04.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Су ресурстары және ирригация министрлігі Ақтөбе облысындағы "Көкжиде" жерасты су орнынан Қазақстанның батыс өңірлерін ауызсумен қамтамасыз ету жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Кен орнындағы таза судың қоры тәулігіне 173,4 мың текше метр. Кен орнында зерттеу жұмыстары басталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясымен кен орнында аэромагниттік түсірілім жүргізу туралы келісімге қол қойды.

Жұмыс Испания Корольдігінің гранты есебінен жүргізіледі. Түсірілім су қоры мен контурлары туралы өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай өндірудің жерасты су орны суларына әсерін зерттеуге 250 млн теңге бөлді. Зерттеуді Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады.

 Батыс өңірлерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. Алайда жобаны сапалы жүзеге асыру үшін "Көкжиде" кен орнында кешенді зерттеу жүргізіп, судың ластану қаупін жойып, жергілікті экожүйеге кері әсерінің алдын алу қажет. Қазіргі таңда бұл – басым бағыт, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

08.01.2025

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының 2024 жылғы иегерлері анықталды

07.12.2024

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

16.11.2024

Испанияда үш күн аза тұту жарияланды

31.10.2024

Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

22.10.2024
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

Байқау үш түрлі бағытта ұйымдастырылады

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының 2024 жылғы иегерлері анықталды

Биыл 6 бағытта 30 жоба іріктелген

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

Оларды грантқа түсіруге уәде берген

Испанияда үш күн аза тұту жарияланды

Нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 95 адамға жетті

Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

Гранттарға 2023 жылдың күзінде әскерге шақырылған 17 927 сарбазы үміткер болды