IT технологиялар саласын белсенді қолдау жалғасады – Олжас Бектенов

Malim Админ

  • 26.11.2024

Кейінгі 5 жыл ішінде отандық IT қызметтердің экспорты 20 есе ұлғайып, жыл қорытындысы бойынша 600 млн доллардан асты. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлім етті. 

«Бүгінде IT индустрия – жаһандық экономикадағы ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі. Қазақстан әлемде цифрландыру саласы дамыған ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн-қызметтер көрсету бойынша 8-орында тұр. Біздің елімізде роботтандыру және жасанды интеллект технологиялары орнықты дамып келеді. Күнделікті өмірдегі қызметтердің цифрлық трансформациясы жалғасып жатыр. Қажетті заңнамалық база құрылып, оны үнемі жетілдіру жұмыстары жолға қойылды. Цифрлық трансформация тұжырымдамасы қабылданды, сондай-ақ венчурлік нарықты және стартап-экожүйені дамыту үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасалды», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде Астана-хаб технопаркінде 1,5 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. 

«Өткен аптада мен Астана-хабқа арнайы барып, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы отандық жобалармен және стартаптармен таныстым. Бұл салаларда нақты жетістіктер бар. Алдағы уақытта да IT технологиялар мен көрсетілетін қызметтер саласын белсенді қолдаймыз. Кейінгі 5 жыл ішінде отандық IT қызметтердің экспорты 20 есе ұлғайып, жыл қорытындысы бойынша 600 млн доллардан асты. Өңірлік акселерациялық бағдарламаларды және басқа елдердегі жаһандық әріптестік желіні дамыту саясатын одан әрі жалғастыру керек», - дейді О. Бектенов. 

Бұған дейін Олжас Бектенов өңірлерде цифрлық инфрақұрылым толық қамтамасыз етілмегенін атап өтті. Оның айтуынша, әкімдіктер бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмейді. 

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

21.11.2024

Бірыңғай уақыт белдеуіне өзгеріс енгізіле ме? Бектенов не дейді?

19.11.2024

Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасын талқылады

18.11.2024

Олжас Бектенов «Росатом» корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті

14.11.2024

Олжас Бектенов сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

13.11.2024

Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сұрақтарына жауап берді

30.10.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады

Бірыңғай уақыт белдеуіне өзгеріс енгізіле ме? Бектенов не дейді?

Ел аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан

Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасын талқылады

Жоба Алматы облысында 1500 га аумақта орман экожүйесін құруға бағытталған

Олжас Бектенов «Росатом» корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті

Олжас Бектенов «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді.

Олжас Бектенов сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Еліміздің металлургия зауыттарында висмут, сүрме, селен және теллурид өндіріледі

Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сұрақтарына жауап берді

Еліміздің ішкі жалпы өнімі 2025 жылғы $321 млрд-тан 2029 жылы $498 млрд-қа дейін өседі