Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады

Malim Админ

  • 21.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері парламент сенатының жалпы отырысына қатысты. Депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларын қарады.


Пленарлық отырыс барысында сенат депутаты Сүйіндік Алдашев премьер-министрге Үкіметтің әртараптандырылған экономика құру, жоғары деңгейде қайта өңдеу салаларын дамыту және шикізаттық емес экспортты ұлғайту жөніндегі жоспарларына қатысты сауал жолдады.

«Экономиканы әртараптандыру – ол Үкіметтің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі деп айтуға болады. Мемлекет басшысы да осы мәселеге үнемі назар аударады. Сондықтан Үкімет және құзырлы органдар осы бағытта белсенді жұмыс жасап жатыр. Қазірдің өзінде нәтижесі бар деп айтуға болады. Статистикаға сүйенсек, өңдеу өнеркәсібі көлемі бойынша қазір шикізат секторынан асып кетіп жатыр. Нақты цифрларды айтатын болсақ, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%-ды құраса, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады. Бірақ, әрине, осы бағытта әрі қарай да белсенді жұмыс атқару керек. Қабылданған шешімдердің арқасында, өздеріңіз білетіндей, біз қазір бірінші кезекте шикізатты экспортқа емес, ішкі нарыққа жіберіп жатырмыз. Осы шаралардың нәтижесінде біз қазір алюминий мен мыс бойынша өңдеу көрсеткіштерін екі есеге ұлғайттық. Бұл – дұрыс нәтиже. Жалпы экономиканы әртараптандыру бағытында өте маңызды мәселе – ол отандық өндірушілерді қолдау. Мысалы, мемлекеттік сатып алу шеңберінде. Осы бағытта да тиісті шаралар қабылданып жатыр. Біз қазір тек қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың тізбесін 1,5 мыңнан 4,5 мыңға дейін тауарлық позицияға жеткіздік. Ол деген үлкен қолдау. Яғни, кез келген мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік компания осы төрт жарым мың тауарлық позиция бойынша ешқандай импорттық тауарларды сатып ала алмайды, тек Қазақстанда жасалған тауарларды сатып ала алады. Осы шараның нәтижесінде биылдың өзінде қазақстандық тауар өндірушілермен жасалған келісімшарттардың саны 55%-ға өсті, яғни осы келісімшарттардың жалпы сомасы 350 млрд теңгеге дейін жетті. Тағы бір маңызды қадам – ол отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттарды жасау. Осы бағытта да қазір Үкімет және Самұрық-қазына қоры белсенді жұмыс жасап жатыр. Биыл офтейк-келісімшарттардың жалпы сомасы 134 млрд теңгеге дейін жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 есеге жоғары. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірлерінде ірі-ірі өндірістік жобалар іске асырылып жатыр. Мысалы Атырау облысында полипропилен шығаратын зауыт ашылды. Оның жылдық өндірістік қуаттылығы 1 млн тонна полипропилен. Салыстыратын болсақ, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы барлық мұнай-газ химия зауыттарын алатын болсақ, біздің Атыраудағы зауыттың қуаттылығына жетпейді. Өте ірі және заманауи өндіріс. Қостанай қаласында Kia компаниясы қазір өздерінің толыққанды цикл бойынша автомобиль шығаратын зауытын салып жатыр. Келесі жылы іске қосылатын болады. Алматыда мультибренд автомобиль шығаратын зауыт ашылады. Саран қаласында автомобиль шиналарын шығаратын зауыт ашылды. Өте ірі, заманауи өндіріс. Осыны жалғастыруға болады. Мен айтып өткендей, әрбір өңірде осындай ірі жобалар бар. Әрине, мұндай өндірістер жалпы біздің экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік беретін жобалар. Және біз осы бағытта жұмысты жалғастыратын боламыз. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде биыл біз көріп жатырмыз өңделген өнім экспорты 6,4%-ға өсіп жатыр, керісінше дайын өнім ипорты 7,2%-ға төмендеді. Бірақ, әрине біз үкімет, құзырлы органдар осы бағытта әрі қарай да белсенді жұмыс атқаруды жалғастырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық қордан алынған қаражат қайда жұмсалады?

21.11.2024

Бірыңғай уақыт белдеуіне өзгеріс енгізіле ме? Бектенов не дейді?

19.11.2024

Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасын талқылады

18.11.2024

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

15.11.2024

Олжас Бектенов «Росатом» корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті

14.11.2024

Доллар құны күн сайын құбылып тұр

14.11.2024
MalimBlocks
Ұлттық қордан алынған қаражат қайда жұмсалады?

Оған қоса, министр қазір 17 жоба бар екенін атап өтті

Бірыңғай уақыт белдеуіне өзгеріс енгізіле ме? Бектенов не дейді?

Ел аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан

Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен орман климаттық жобасын талқылады

Жоба Алматы облысында 1500 га аумақта орман экожүйесін құруға бағытталған

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

Ол азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы QR-төлем жасауға мүмкіндік береді

Олжас Бектенов «Росатом» корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті

Олжас Бектенов «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді.

Доллар құны күн сайын құбылып тұр

13 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 492,22 теңге болған