Қазақстанда Жасанды интеллект институты ашылады

Жасанды интеллект құралдарының ықтимал теріс әсерін болдырмауға бағытталған жаңа регламенттер мен әдістемелік ұсынымдар әзірленеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің берген жауабында айтылған.
Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру мақсатында арнайы даярлық курстары ұйымдастырылып жатыр. Бүгінде 160 мыңға жуық педагог оқу процесінде жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті (2024 жылы – 90 мыңға жуық, 2025 жылы – 70 мың). Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, 2025 жылдың қаңтар айынан еліміздің 180 мектебінде орта білім беру ұйымдарының оқушылары үшін бағдарламалау негіздерін оқыту курсы жөніндегі пилоттық жобаны жүргізіп жатыр. Пилоттық мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен бағдарламалау негіздері бойынша курстар енгізілді, - деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің дерегінше, пилоттық жоба аясында 2024 жылғы 16 шілдеден, бастап nFactorial және Omnium IT-мектептерінде жасанды интеллект және Game Development бағыттары бойынша 180 педагог және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 120 жаттықтырушысы арнайы оқыту курстарынан өтті.
Оның үстіне Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен (бұдан әрі – Академия) оқушылардың білімін бағалау және академиялық адалдық талаптарын жаңарту аясында жасанды интеллект құралдарының ықтимал теріс әсерін болдырмауға бағытталған жаңа регламенттер мен әдістемелік ұсынымдар әзірленін болады. Сонымен қатар академия жанынан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу және дамыту бойынша әдістемелік, зерттеу, этикалық және оқу бағдарламаларын үйлестіру үшін Жасанды интеллект институтын ашу жоспарланып отыр, - деді Олжас Бектенов.
Фото: Midjourney

Ең көп оқылған
