АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

Курчатовтың ғылыми қалаға айналуына барлық негіз бар

Malim Админ

  • 03.12.2024

Премьер-Министр Олжас Бектенов Сенаттың бір топ депутатының Атом электр стансасын Курчатовта салу ұсынысына жауап берді.

- Атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, Атом электр стансасы құрылысы үшін орынды Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылына тақау аудан белгіленді, - деді Үкімет басшысы жауабында.

Айта кетейік, қараша айының басында Абай облысының Курчатов қаласында Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің радиациялық және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көшпелі отырысы өтіп, стратегиялық маңызы бар объектілердің қорғанысы талқыланды.

Осы көшпелі отырыстан кейін сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында Ядролық ғылым орталығы саналатын Курчатов қаласының проблемалары туралы мәселе көтерді.

- Курчатов қаласына ғылыми қалашық мәртебесін беру мәселесі көптеген жылдар бойы көтеріліп келеді. 2012 жылы Премьер-Министрдің өкімімен ғылым қалашығы туралы заңнаманы әзірлеу бойынша ұсыныс дайындау мақсатында жұмыс тобы құрылған болатын. Сонымен қатар, «Курчатов ғылыми қалашығы» кластерінің тұжырымдамасы және «Ғылымды қажет ететін аумақтар туралы» заң жобасы да әзірленді. Шын мәнінде, Курчатовтың ғылыми қалаға айналуына барлық негіз бар, бірақ мәселе бүгінгі күнге дейін шешілген жоқ. «Ғылым туралы» арнайы заңның қабылдануы Курчатов қаласының өзін де, онда орналасқан ғылыми орталықтарды да дамытуға қуатты серпін береді деп сенеміз. Осылайша, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «моноқалаларға дем беру» және «өңірлерді белсенді дамыту» туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді, - деді сенатор Лукин.

Сондай-ақ ол бір топ сенатордың атынан АЭС-ті Курчатов қаласында салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын.

Фото: gov.kz

 

Байланысты жаналықтар

Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек - Тоқаев

08.01.2025

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

03.01.2025

Көмірсутектер саласындағы геологиялық барлауға $82,5 млн инвестицияланды

03.12.2024

Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

02.12.2024

IT технологиялар саласын белсенді қолдау жалғасады – Олжас Бектенов

26.11.2024

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

21.11.2024
MalimBlocks
Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек - Тоқаев

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

Бұл туралы президент Ana tili газетіне берген сұхбатында айтты

Көмірсутектер саласындағы геологиялық барлауға $82,5 млн инвестицияланды

Биыл 2 электронды аукцион өткізіліп, 15 учаске іске асырылды

Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

Үздік рейтингке кіру үшін NU білім беру сапасы мен тиімділігін арттыру бойынша тәсілдер айтылды

IT технологиялар саласын белсенді қолдау жалғасады – Олжас Бектенов

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірі

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47%, шикізат секторының үлесі 45%-ды құрады