Көліктерге арналған шиналар өзімізде өндіріледі

Зауыт өнімдері Attar брендімен шығарылады.

Malim Админ

  • 24.06.2024

Қарағанды облысының Саран қаласында  шина шығаратын зауыт бой көтерді. Қуаттылығы жылына 3,5 млн шина шығара алатын өндіріс орны рекордтық жылдамдықпен тұрғызылды. Мұндай өндірістік нысандарды салудың нормативтік мерзімі 48 ай болса, аталған зауыт 39 айда іске қосылып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Кәсіпорын биыл 1 миллион шина шығармақ. Өндіріс толық қуатқа көшкенде өнімін ішкі нарықтан бөлек, сырт мемлекеттерге саудалайды.

 

Зауыт өнімдері "Attar" брендімен шығарылады. БҰҰ қауіпсіздік Ережелеріне сәйкестігі туралы Еуропалық және техникалық регламентке сәйкестігі жөнінде сертификат алған. Өндіріс ошағында шина бастан аяқ толығымен бір жерде жасалып шығады. Яғни, барлық технологиялық процестерді бірыңғай реттік жүйеде жүзеге асырылады. 

Шина стендке беріледі. Алдымен өлшенеді. Содан кейін геометрияға тексеріледі де кейін оған қысым түсіріледі. Айналмалы барабан орналасқан жағы бұл жолдың имитациясы. Яғни, дөңгелек жолда тұрғандай. Барабан шинаға басылады, оған жүктеме түседі және ауыр жүктеме кезінде шинаның жолдағы қозғалысын имитациялайды. Бір сөзбен айтқанда әрбір шина жол бойында ауыр жүктемемен жолда жүргендей сынақтан өтеді, - деді зауыт директоры Радий Бурганов.

Өндіріс кезеңнің барысында шикізатты дайындау, қоспаларды әзірлеу,  шинаны жинаудан бастап вулканизацияға дейінгі сапаны бақылау толық бір жерде жүргізіледі. Зауыт директорының айтуынша кәсіпорында 800-ге жуық жабдық орнатылған.

Бұл өте ерекше технология. Мұндай мүмкіндік шина өндіретін барлық зауыттарда жоқ. Сондықтан, бүгінгі таңда бізде шиналардың сапасын 200% бақылау бар деп мақтанышпен айта  аламыз. Бұл біз үшін өте маңызды, - дейді Бурганов.

Жобаны жүзеге асыру барысында зауыт басшылығы Татнефть тобының (Нижнекамск және Всеволожск қалаларындағы шина зауыттары) шина өндірістеріне мамандарын жіберіп, біліктіліктерін арттырып отырған. Яғни, бұл өндірістегі қызметкерлерге берілген білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берген. Шприц машинасының операторы Илья Щербаковтың айтуынша, зауытта жұмыс жасамас бұрын ол Нижнекамскіге жарты жылдық тағылымдамадан өткен.

Мен алты ай бойы Нижнекамскіде оқыдым. Ол жақта бізге бәрін үйретті. Мен IT маманы болғандықтан робототехникамен жұмыс істеу маған оңай. Тағылымдамадан кейін мен осы  роботтарды өндіруші словактармен бірге дағдыларды үйрендім. Мұнда бәрі қарапайым басқарылады: іске қосу, келтіру, баптау жеңіл. Мен мұнда бір жыл жұмыс істедім. Алғашында зауыттың өзі туралы таныстарым арқылы білдім. Көбісі осында жұмыс істеуге кеңес берді. Қазір міне, осы жедемін, - дейді Илья.

Қазақстанда шығарылатын шинаның сапасына алаңдауға негіз жоқ. Өйткені өнімдерді өндіру технологиясы сертификатталған және халықаралық стандарттардың талаптарына толық сәйкес келеді дейді зауыт директоры.

Біз шинаның сапасына ерекше назар аударамыз. Шинаны жасағанға дейін біз барлық сыртқы бөлшектерін қараймыз.  Шиналар жол қозғаласына түскен сияқты толқық жүктемеде арнайы стендке салынады. Жүк көліктері үшін бізде тағы бір ерекше тексеру бар — бұл рентген. Әрбір шина рентген аппаратында тексеріледі. Автокөліктер автобандарда өте жылдам жүретінін ескерсек, сапаға ерекше назар аударылады. Маусым айынан кейін 15-16 дюймге дейінгі жеңіл шиналар  шығарылады. Жалпы алғанда, шиналар 14-тен 20 дюймге дейін болады. Яғни, бұл Қазақстанда жеңіл автокөліктерге арналған алғашқы шиналар. Ал жүк көлігіне 17,5 дюймнен 22,5 дюймге дейін шығарылатын болады, - дейді зауыт директоры Радий Бурганов.

Бүгінгі таңда кәсіпорында  530-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Зауыт толық қуатқа шыққанда олардың санын 1 125 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр. Орташа жалақылары 366 мың теңгеден асады. 

Кәсіпорында жұмысшылар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар бойынша оңтайлы саясат қабылданған. Серіктес қалалардан (Қарағанды, Теміртау, Шахан, Шахтинск, Абай және т.б.) келіп жұмыс істейтіндер үшін тегін тасымалдау қызметі енгізілген. Сонымен қатар қызметкерлерге тамақтанудың 62% кәсіпорын есебінен өтеліп отыр. 2024 жылдың сәуір айынан бастап жалақыны 12%-ға индекстеу жүргізілген. Сондай-ақ, Саран қаласы әкімдігімен бірлесіп қызметкерлер үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы дайындалуда. Бір сөзбен айтқанда еңбеккерлер үшін әлеуметтік жағынан толық қамтамасыз етілген. 

Қазақстанда жеңіл көліктер автопаркі шамамен 4,5 млн бірлікті құрайтынын ескерсек, шина нарығының әлеуеті шамамен 20 млн бірлікке бағаланады.

Автонарықтың ұлғаюына қарай шинаға деген сұраныс та артатыны сөзсіз. Демек, болашақта зауыттың өндірістік қуатын күшейту қажеттілігін көрсетеді.

Саран зауыты қазірдің өзінде одан әрі даму мен жаңа нарықтарға шығудың нық қадамын жасап отыр.  Оған жаңа технология мен сапа деңгейінің көрсеткіші кепіл болмақ. Осындай индустриялық ауқымды жобаны сенімді жүзеге асыруда Қазақстанның шина өндірісіндегі болашағы табысты болары анық.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай көлік сатып алды

15.11.2024

Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

13.11.2024

Қостанайлық құтқарушылар қарға батқан екі көлікті сүйреп шығарды

10.11.2024

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

01.11.2024

11 өңірдің көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

24.10.2024

«Мен шок болдым». Алтынай Жорабаеваға құрбысы қымбат көлік сыйлады

23.10.2024
MalimBlocks
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай көлік сатып алды

Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

858 адам түрлі дене жарақатын алған

Қостанайлық құтқарушылар қарға батқан екі көлікті сүйреп шығарды

Үш адам эвакуацияланған

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

11 өңірдің көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

«Мен шок болдым». Алтынай Жорабаеваға құрбысы қымбат көлік сыйлады

Әнші үшін бұл тосынсый болған.