Көшетті де сақтандыру керек

Ауыл шаруашылығы министрлігі жеміс көшеттерін сақтандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жүйе биыл іске қосылуға тиіс.

  • 20.03.2022

Жасыл желек – экологияны сақтаудың бірден бір жолы екені белгілі. Бірақ, бұл жердегі мәселе – жасыл желекті қалай сақтауда. Бір бірімен байланысқан осындай формула: Егер экологияны сақтағың келсе, өсімдіктер әлемін күтіп-бапта, өсімдіктер әлемін сақтаймын десең, экологияны түзе. Осындай үндестік болған жағдайда ғана екі тарапты тең ұстауға мүмкіндік болады.

Экология нашар аймақтарда өсімдікті өсіру, әсіресе, көшеттерді белгілі бір өсу деңгейіне жеткенше күтіп-баптап, сыртқы ортадан, қиын да ауыр климаттық жағдайлардан аман алып шығу, өз бетінше күн көруге жеткенше аялап өсіру өте маңызды. Сол үшін де ауыл шаруашылығы министрлігі жүйелі түрде климаттық жағдайды қадағалап отырады және туындауы мүмкін деген түрлі сын-қатерлерді болдырмау үшін және дер кезінде жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отырады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері Қазақстан экономикасының жетекші саласы екенін ескерсек, ондағы түрлі жеміс ағаштары мен өзге де өсімдіктердің сапасы, қорғалуы үлкен мәнге ие. Климаттық жағдай айтып келмейтін, болжауға келмейтін қиын мәселе. Алдын ала болжауға болады, бірақ, табиғи апаттар – құрғақшылық, жұт, қыстың ұзаққа созылу, өрт сияқты жағдайлар күтпеген жерден басталып кетуі де мүмкін. Әсіресе, өрт салдарынан болатын шығындар ауыл шаруашылығы өсімдіктері үшін ең қатерлі жау саналады. Былтырғы құрғақшылық кезінде Батыс аймақтың қалай қиналғанын көрдік. Алдындағы малы шөп таппай, егіні күйіп, алқабы кеуіп кеткен ел қаншама шығынға ұшырады. Сол себепті, осындай қиын-қыстау кездерде қиналып қалмаудың алдын алудың бір жолы – сақтандыруды енгізу.

Жалпы, ауыл шаруашылық дақылдар мен өсімдіктерді сақтандыру – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүдделерін өндірістегі қауіпті оқиғалардан қорғаудың пәрменді құралдарының бірі саналады. Бұл халықаралық практикада бұрыннан бар, ал, Қазақстанда АӨК-ті ерікті сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап қолданыла бастады. Бұл бағдарламаның операторы болып «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бекітілген. Содан бері осы күнге дейін өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдардан бидай, сұлы, арпа, жүгері, күздік және майлы дақылдардан күнбағыс, зығыр, рапс сақтандыру өнімдері қатарына жатады.  сонымен бірге мал шаруашылығы саласында ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, құс сақтандырылады.

Ал, жеміс көшеттерін сақтандыру бойынша жұмыстар былтыр қолға алынған. Тіпті, шетелдік компаниялардың бірімен бірлесіп әзірленіп, Қазақстан тестілеуден өткен. Дегенмен, тестілеу кезінде қателіктер анықталып, практика жүзінде іске асырылуы кейінге шегерілген. Бірақ, соған қарамастан, жеміс көшеттерін сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары тоқтатылған жоқ, нәтижесінде, агросақтандыру қауымдастығы Германия мен Қазақстан арасында аграрлық-саяси диалогы жүргізіліп, Swiss Re қайта сақтандыру ұйымы және Agroinsurance International компаниясымен бірлескен жобалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Жоспар бойынша, жылдың аяғына дейін жеміс көшеттеріне сақтандыру енгізілуге тиіс.  

Бұл өзі бірден енгізе салуға келмейтін, күрделі процесс деуге болады. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің ресми сайтында бұл туралы:

Көпжылдық деректер негізінде жасалатын барлық қажетті есептеулер аяқталды және қайта сақтандыру ұйымымен келісуден өтіп жатыр. Одан өткеннен  кейін сақтандыру өнімі жергілікті сақтандыру компанияларымен пысықталатын болады. Жеміс көшеттерін сақтандыруды екі бағыт бойынша енгізу жоспарланып отыр: егінді табиғи сипаттағы құбылыстардан және аурулардан сақтандыру, сондай-ақ көпжылдық екпелердің өздерін мүлік ретінде сақтандыру», - делінген.

Демек, жеміс көшеттерін сақтандыру бойынша жұмыстар аяқталса, жеміс өсірумен айналысатын шаруалар өз өнімдерін экологиялық, табиғи апаттар мен климаттық өзгерістер кезінде болатын шығындардан сақтануға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде орта және шағын бизнесті, ауыл шаруашылық өнімдерін шығару бойынша сенімділікті нығайтып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді деуге болады.  

Байланысты жаналықтар

Доллар бағасы сәл арзандады

18.04.2025

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

18.04.2025

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

18.04.2025

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

17.04.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025
MalimBlocks
Доллар бағасы сәл арзандады

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр

Үкіметте көлік және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды

Екінші деңгейлі банктер 650,9 млрд теңге қарызын қайтармаған

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк азаматтарға алаяқтар банктің ресми бланкісін қолданып, жалған құжат ұсынып жатқанын айтты

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?