Минералды тыңайтқыштар бағасы төмендей ме?

Отандық аммиак селитрасының бағасын биылғы 16 наурыздан бастап 200 мыңнан 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешімге келді.

Malim Админ

  • 31.03.2022

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір фермерлер үшін барлық жағдай жасалған дейді ҚР АШМ.

400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, фермерлер тұқыммен қамтамасыз етілді, техниканың дайындығы 95% деңгейінде (егіс жұмысы басталарда 100% болады), жалпы соманы 140 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, қаржыландыру көлемін 70 млрд теңгеге ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 80 млрд теңгеге дейін бағыттайды, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есе көп.

Айта кету керек, биылғы АӨК мемлекеттік қолдау жүйесі өзгеріссіз қалады, бұл фермерлерге қосымша қиындықтарсыз егіс жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 29,7 млрд теңге көлемінде пестицидтерді субсидиялау бағдарламасын қаржыландыру қамтамасыз етілді, бұл егіс алаңын 100% өңдеуге мүмкіндік береді. Шамамен 659 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қазіргі күрделі жағдай фермерлерді отандық минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету мәселелерін объективті түрде көтеруге мәжбүр етеді.

Тыңайтқыштардың құны түпкілікті өнімнің бағасына, сондай-ақ жалпы сатып алу қабілетіне әсер ететінін ескере отырып, ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп минералды тыңайтқыштардың бағаларын төмендету бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде.

 Осылайша, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен «ҚазАзот» компаниясының басшылығымен өткен кеңесте тараптар отандық аммиак селитрасының бағасын биылғы 16 наурыздан бастап 200 мыңнан 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешімге келді.

Сапалы егіс науқанына дайындық мәселелері ерекше бақылауда және Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берілген тапсырмасына сәйкес күшейтілетін болады.

Бақыт БЕКОВ

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады