Олжас Бектенов: ТКШ жаңғырту кезінде отандық өндіріс тауарларына басымдық беріледі 

Бағдарламаға шамамен 10 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр

Malim Админ

  • 29.10.2024

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет отырысында Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес үшін ынталандыру шараларын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныстарды айтты.

Премьер-министр Олжас Бектенов жобаның негізгі бағыттарын бизнеспен жан-жақты талқылаудың маңызын атап өтті. 

«Мен жобада отандық өндірушілердің тауарларына айтарлықтай басымдық берілуін бірнеше рет тапсырдым. Сондықтан ұлттық жобада бұл жазылады, тиісті нұсқау бар. Жобаны бизнеспен, оның ішінде Машина жасаушылар одағымен отандық тауар өндірушілерді қорғауды және дәл отандық өнімді сатып алу жөніндегі міндеттемелерімізді қаншалықты дұрыс әрі нақты белгілегеніміз жөнінде талқылау қажет болады. Барлық салалық қауымдастықтың өкілдерінен өз ұсыныстарын берулерін сұраймын. Бұл бағдарламаға шамамен 10 трлн теңге бөлу жоспарлануда, сондықтан бұл біздің бизнесіміз үшін үлкен көлем», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Фото: kazinform.kz

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады