457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан мен Қытайдың импорт-экспорт көлемі артты

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанның Қытаймен және Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 29,3 млрд долларға жетті, Қытайдан импорт көлемі 18%-ға өсті. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов «Орталық Азия — Қытай» іскерлік кеңесінің отырысында айтты. 


Оның айтуынша, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан жаңа өңірлік ынтымақтастық архитектурасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әрбір ел транзиттік дәліздерді дамыту, экспортқа бағытталған салалар мен бірлескен өндірістік тізбектерді құру сияқты ортақ экономикалық күн тәртібіне өз үлесін қосып келеді.

Осы жағдайда Қытай сенімді сауда-экономикалық әріптес қана емес, технологиялық қозғаушы күш, инвестициялық серіктес және стратегиялық одақтас болып отыр. 2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 43,82 млрд АҚШ доллары болды. Оның ішінде экспорт 15,8 млрд, ал импорт — 28 млрд доллар. Бұл көрсеткіштер екі ел арасындағы экономикалық стратегияны айқын көрсетеді, − деді кәсіпкерлер палатасының төрағасы.

Ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қытаймен және Орталық Азия елдерімен сауда байланыстарының белсенді дамуы байқалды. Жалпы тауар айналымы шамамен 29,3 млрд долларға жетсе, Қытайдан импорт көлемі 18%-ға өсті.

Экспорт құрылымында — мұнай, мыс, уран, металлургия өнімдері және соңғы кезде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері басым. Ал импорттағы жағымды өзгерістердің бірі — жоғары технологиялық жабдықтар, есептеу техникасы, құрылыс техникасы мен цифрлық трансформацияға қажетті компоненттердің үлесі артып келеді. Мұның бәрі Орталық Азия елдерінің шикізаттық модельден терең кооперацияға негізделген даму үлгісіне көшіп жатқанын көрсетеді, − деді Райымбек  Баталов.

Айта кетейік, бүгін елордада «Орталық Азия — Қытай» ІІ саммиті өтіп жатыр. Оған өңірдегі 5 мемлекеттің басшылары мен Қытай Халық Республикасының төрағасы қатысады.

Фото: Pexels