Қазақстан мұнайын Венгрияға жеткізуге келісті

Арман Қайыпхан

  • 17.02.2025

Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев пен Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сияртоның кездесуі өтіп, оның барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу барысында министрлер екі елдің энергетика саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. «ҚазМұнайГаз» мен MOL Group компаниялары арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар екі компания қатысатын Рожковское газ конденсаты кен орнын тиімді игерудің маңыздылығын атап өтті. «Дружба» құбыры арқылы Венгрияға қазақ мұнайын жеткізу мәселелері көтерілді. 2025 жылға дейін сынақ жеткізілімдері туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстандық тарап венгриялық әріптестердің атом электр станцияларына, атап айтқанда, MVM Group компаниясына арналған құрғақ салқындату мұнараларын өндірудегі тәжірибесіне қызығушылық танытты.

«Қазақстан Венгриямен стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайды. Біз мұнай-газ секторында да, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында да энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен потенциалын көріп отырмыз. Бірлескен жұмыс елдеріміздің энергетикалық жүйелерінің тұрақты дамуына және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Кездесу соңында тараптар энергетика саласындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін айтып, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарларын белгіледі.
Фото: Энергетика министрлігі

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады