Қазақстан Вьетнам нарығын астық, ұн және етпен қамтамасыз етуді көздеп отыр

Астанада Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық комиссияның отырысы өтті

Мәди Саматұлы

  • 18.05.2024

Вьетнам нарығын астық, ұн және етпен қамтамасыз ету мәселесі Астанада өткен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысында қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, министр Арман Шаққалиев пен Вьетнамның өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Диен екі ел арасындағы сауда айналымын нығайту жолдарын талқылады.

Арман Шаққалиевтің сөзінше, қазақстандық компаниялар, экспортық акселерация бағдарламасының қатысушылары өздеріне Вьетнамды мақсатты экспорт нарығы ретінде анықтап алған. Өткен жыл тауар айналымы 85,4%-ға өсіммен аяқталды.

Енді Қазақстан  96,9 миллион доллардан асатын 35 тауар позициясы бойынша Вьетнамға экспортты арттыруды көздеп отыр. Бұл: 

➖металлургия
➖мұнай-химия
➖тамақ өнеркәсібі
➖химия өнеркәсібі
➖машина жасау сияқты салалардағы тауарлар

Компанияның көбі Вьетнам нарығына жергілікті өкілдіктер немесе дистрибьютерлер арқылы шығу мүмкіндігін қарастырады. Былтыр қыркүйекте әріптестікті нығайту мақсатында бірқатар ірі компанияларымен: Вьетнам тұтыну тауарлары қауымдастығы, жиһаз өндірушілер, инвестициялық АҚ-пен бизнес-кездесулер өтті. Қазірдің өзінде дәмдеуіш, ас қоспалары, тыңайтқыштар өндірумен, алкоголь, ұн, шырын өнімдерін жеткізумен айналысатын компаниялардан үлкен қызығушылық байқап отырмыз, деді министр Арман Шаққалиев.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Сауда министрлігі әлеуметтік тауарлар бағасын бақылауды күшейтеді

08.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысы сәбидің тұсауын кесті

07.05.2025
MalimBlocks