Қазақстанда ашылатын Telegram кеңсесінде отандық мамандар жұмыс істей ме?
Қызметкерлер жасанды интеллект курсынан өтеді

Telegram компаниясы өз кеңсесін Қазақстан аумағында ресми тіркеді.
- Telegram кеңсесін ашу бойынша, біз олармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Олар Қазақстанда жеке кеңсе ретінде тіркелді. Олар қызметкерлерді жалдайды, соның есебінен елімізде жоғары технологиялық платформамен жұмысы тиімді бола түседі. Иә, қызметкерлер негізінен қазақстандықтар. Әр компания бос жұмыс орындары туралы өздері жариялайды, оны бақылау керек, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, Telegram-ның Қазақстанға жауапты кеңсесі Астанада ашылатын болды.
Бүгін Үкіметтің цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбына арналған көшпелі отырысы өтті. Белгілі болғандай, келер жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект курсынан өтеді.
Фото: pexels.com