Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

Бүгін Сенат отырысында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Вьетнамның SOVICO Group компаниясына қай әуежайды беруді жоспарлап отырғаны жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол әуежай стратегиялық нысан болғандықтан, оны сатып алу мәселесі талқыланбағанын атап өтті.
Біз озық технологиялар мен компанияларды тартамыз, олар бізге қызметтерді, соның ішінде әуежайларды жақсартуға технологиялық және әкімшілік тұрғыдан көмектесе алады. Қазірдің өзінде Вьетнам тарапымен келіссөздер жүргізілуде, – деді Әлібек Бақаев.
SOVICO Group вьетнамдық компаниясы қазақстандық әуежайды сатып алып, басқаруды қарастырып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Келісім рәсімделгеннен кейін инвесторлар Қазақстандағы әуежайды сатып алуға қызығушылық танытқан.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі