457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қолма-қол ақша алу тәртібі өзгеруі мүмкін

IMAGE: ©kerekinfo.kz

Ұлттық банк басқармасы мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы" қаулының жобасын талқыға шығарды.

Бұл туралы alau.kz хабарлапты.

Қаулы - жаңа Салық кодексіне сай өзгерістер мен мәлімет берудің жаңа түрлерін енгізуді көздейді.

Егер қаулы қабылданса, кәсіпкерлердің банктерден қолма-қол ақша алу реті өзгереді.

Қазіргі рет бойынша, кәсіпкер ақша аларда оны қайда жұмсайтынын көрсетеді. Бұдан кейін банк мемлекеттік кіріс органына хабарласып, ол мақұлдаған жағдайда ақшаны береді.

Ұлттық банк қаулыны күшіне 2026 жылдың I тоқсанында енеді деп жоспарлап отыр.